Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді

Банктерге зейнетақы қорынан 300 млрд теңге бөлінеді


ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қаржы министрі Әлихан Смайылов екінші деңгейдегі банктерге қайдан ақша алатындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Қаржы министрі ретінде, менің қолымда Ұлттық банк қаржының жартысын БЖЗҚ-дан, қалған жартысын Ұлттық банктің өз қаржысынан бөлуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат бар. Ол ақша екінші деңгейлі банктерге коммерциялық, нарықтық мөлшерлеме бойынша қайтарымды негізде беріледі", - деді ол.
Оның айтуынша, бұл қаражат экономика үшін басымдыққа ие жобаларға бөлінеді.
"Қазір біз қаржының мақсатты орындалуын, экономикамыз үшін басым бағыттар мен жобаларға бағытталғанын бақылау тетіктерін әзірлеуіміз керек", - деп түсіндірді қаржы министрі.
Ә. Смайыловтың айтуынша, зейнетақы қорындағы ақша БЖЗҚ активтерінің өсуі үшін инвестицияланып, табыс әкелуі керек.
"Сол себепті оларды бір жаққа инвестициялау керек. Бұл тұста нарықтық мөлшерлеме бойынша ел экономикасына инвестициялау туралы сөз болып отыр. Сондықтан бұл қалыпты жағдай. Мұндай практика барлық әлем елінде қолданылады", - деді министр.


Источник: zakon.kz
12 қазан 2018 ж. 743 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031