Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық өрендер робот құрастырып жүр

Қызылордалық өрендер робот құрастырып жүр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада алғаш рет «Ата-анам, мен және робот» атты облыстық отбасылық-танымдық чемпионат өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Оған аудандар мен Қызылорда қаласынан барлығы он команда қатысты. Сайысқа арнайы робототехника үйірмесінде құрастырған роботтарын алып келген өрендер ерекше ықылас танытты. Әуелі төрешілер балалардың роботтарын арнайы талаптарға сай көлемі мен салмағын, бағдарламасын тексеруден өткізді. Қатысушылардың ең кішісі жеті жаста. Соған қарамастан әрбір сайыс тартысты болды. Өрендер үш кезеңнен тұратын «Робосумо» сайысы бойынша сынға түсті. Шараға бастауыш сынып оқушылармен қатар ата-аналар да қатысты. Бұл отбасындағы өзара қарым-қатынастың нығаюына ерекше әсер етері анық.
inform.kz
09 қазан 2018 ж. 1 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31