Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Берлинде көне көліктер сатылымға шықты

Берлинде көне көліктер сатылымға шықты

Германия астанасында көне көліктер көрмесі өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар жұрт назарына сирек кездесетін раритеттік көліктерді ұсынып отыр. Бұнда 20-ғасырдың басында ат арба түрінде жасалған көліктен бастап, жарысқа қатысқан болидтер мен суда жүзетін амфибия автомобильдерді көруге болады. Көрмеге қойылған көліктерді сатып алуға болады. Мәселен, 1980 жылы шығарылған Rolls Royce 80 мың еуроға саудаланды. Ал сол жылғы Ferrari-дің бағасы – 120 мың еуро. 1955 жылғы спорт үлгісіндегі көлік 1 млн 375 мың еуроға сатылды. Кай, Берлин тұрғыны: – Осы көрмеге алғаш рет келдік. Бізде ескі автобус бар. Оны қалпына келтіріп, болашақта көрмеге қатысу жоспарымызда бар. Көне көлік сатып алғым келеді, бірақ олар өте қымбат екен. Тиль Розенкранц, классикалық авто бойынша сарапшы: – Өзім Баварияданмын, көне көліктер аукциондарын өткізіп тұрамын. Сол себептен Берлиндегі көрмеде не бар екені маған қызық. Көліктердің алуан түрі қойылған, арасында сирек кездесетіндері де бар.

www.24.kz
09 қазан 2018 ж. 1 374 0