Қазақстанда жасалған тұңғыш электрокар Мәскеуде таныстырылды
Бұл - Еуразия экономикалық одағы аумағындағы алғашқы сериялық марка. Мәскеудегі халықаралық автосалонда Қазақстанда жасалған тұңғыш электрокар таныстырылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрмедегі басты экспонаттар – ресейлік көлік өндірісінің соңғы үлгілері. Люкс техниканың бұл нұсқалары мемлекет басшыларына арналған. Дәл осы маркалы лимузинмен Ресей президенті ұлықтау рәсіміне келген болатын. “Бентлиден” қымбат, “Роллс-Ройстан” арзан. Өндірушілер темір тұлпарлардың құнын осылай бағалап отыр. Қымбат экспонаттар болған соң көрмедегі қауіпсіздік те жоғары деңгейде. Ал президенттік лимузин мынадай қалың шынымен қапталған. Келушілердің назарын аударған брендтердің тең жартысы – Қытайлық көліктері. Ал 30-дан астам халықаралық компания өз өнімдерін бұл көрмеге әкелуді жөн санамаған. Себебі Ресейдегі көлік саудасы 2 есеге дейін кеміп отыр.
Мұның бәрі белгілі еуропалық брендтердің штаб-пәтерлеріне тән ортақ тенденцияның өзгеруіне тікелей байланысты. Көлік сатумен айналысатын мамандардың айтуынша, жаңа өнімді автосалонға қоймай, қашықтан-ақ таныстыруға болады. Бірақ өз басым бұл пікірмен келіспеймін, – дейді Мәскеу халықаралық автосалонының директоры Петр Тутарашвили. Мәскеу автосалоны инновацияға басымдық беріп отыр. Мәселен, бұл көрмеде өздігінен жүретін такси, қашықтан басқарылатын құралдар бар. Ал жаңа үлгідегі көліктер қатарында Қазақстанда құрастырылған тұңғыш электрокар көзге бірден түседі. Құрастырушы зауыт Қостанайда орналасқан. Оның 6 сағаттық толық қуаты 280 шақырым жол жүруге жетеді.
Көлік бүгінде сертификациядан өтіп жатыр, аяқталу мерзімі қыркүйектің ортасына жоспарланып отыр. Артынша Ресей және ТМД елдері аумағында сатуға көшеміз. Зауыттың өндіріс қуаттылығы жылына 120 мың көлік. Алғашқы сатылымға 100-ге тарта көлік шығарылады, – дейді дилерлік компанияның өкілі Марат Бейсенбаев. Келушілер үшін автосалон 9 қыркүйекке дейін ашық болады.
baribar.kz