Түркістанда мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті
Түркістанда мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында алғашқы мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті. Шара барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. 20-дан аса адам мобильдік орталық арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алды. Қызмет алушылардың құқықтары туралы насихат жұмыстар жүргізіліп, 1 мыңнан аса брошюра таратылды. Жәрмеңкенің мақсаты – жұртшылыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Шолпан Медетбекова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма басшысы: - Мемлекетте қазір 746 қызмет түрі бар. Соның 621 корпарация арқылы жүзеге асып отыр. Оның 542-сі электрондық үкімет парталы арқылы іске асырылады. кезкелген адам корпарцияға келмей-ақ, уақытын үнемдеп, интернет бар жерден 452 қызмет түрін қабылдауына болады. Ғанижан Асанұлы, ҚР МҚІжСЖҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары: - Жалпы болашақта егер халқымыз Елбасымыз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында белгілеген талаптарға сәйкес болатын болсақ, онда біз өзге мемлекеттермен тереземіз тең болып, озық мемлекеттердің қатарына қослып, сыбайлас жемқорлық деңгейін айтарлықтай төмендетеміз деген сенімдемін.
www.24.kz
www.24.kz