Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » KEGOC қызметкерлері халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

KEGOC қызметкерлері халықаралық жарыстың жүлдегері атанды


АСТАНА. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ командасы Беларусьта өткен Кәсіби шеберліктен халықаралық сайыста ІІ орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, осы жылдың 17-20 қыркүйек аралығында Брест қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласында қызмет атқаратын кадрларының кәсіби шеберлік бойынша XV халықаралық сайысы өткен болатын.
Ағымдағы жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан электр желілері компаниялары мен бригадалары 110 кВ және одан да жоғары вольтты электр жеткізу желілерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Бригадалар төрт күннің ішінде жарыстың 7 кезеңінен өтті. Қатысушылар әр кезеңде өз білімі мен біліктіліктерін дәлелдеп қана қоймай, тоққа түсіп қалған адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.
Құрамында шеберлер Юрий Филатов және Арман Әбілов, электрмонтерлер Алмат  Шоқанов, Медет Мұқанғалиев және Николай Юденков бар «KEGOC» АҚ бригадасы қойылған міндеттерді ойдағыдай орындап, жалпы ұпай саны бойынша екінші орын алды. Бірінші орынды жарыстың ұйымдастырушылары - «Белэнерго» МӨБ  «Брестэнерго» РУК «Баранов электр желілері» бөлімшесінің бригадасы иеленген. Айта кетейік, ТМД-ға мүше мемлекеттердің электр энергетикасы саласында қызмет атқаратын кадрлардың кәсіби шеберліктері халықаралық жарыстары 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.  

inform.kz

01 қазан 2018 ж. 721 0