Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында туған үшемдерге пәтер берілді 

Түркістан облысында туған үшемдерге пәтер берілді 

Түркістан облысы Келес ауданында тұңғыш үшем дүниеге келгендігін осыған дейінгі жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Жергілікті әкімдік сол кішкентай періштелерге 5 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24». Сәбилерге қазір ауданнан арнайы медбике бөлінген. Олардың денсаулықтары жіті назарда. Ал ауыл ақсақалдары нәрестенің бауы берік болуын тілеп, үшемнің апасына көрімдік ретінде сый жасады. Жалпы үйдің отағасы Дәуірбек пен жұбайы Аяжанның осыған дейін де үш ұлы бар. Енді жас отбасы алты баланың ата-анасы. Дәуірбек Түктібаев, үшемнің әкесі: - Үлкен алғысымды білдіремін осы үйді берді. Алдында үш отбасы бір үйде тұратын едік. Қазір жеке шығып, жақсы болды. Өзіміз жеке тұрғанға жетпейді ғой. Ата-анам қолымда. Бақыттымыз. Аяжан Төленді, үшемнің анасы: - Олардың жағдайы өте жақсы. Медбикелер күнде маған қарасып, күнделікті жағдайын бақылап отырмыз бірге. Қазір жақсы өсіп келе жатыр. Әр апта сайын салмағын өлшеп тұрмыз.

www.24.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 1 692 0