Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақыны, әнші Нартай Бекежанов

Ақыны, әнші Нартай Бекежанов


Ол әлеуметтік мазмұндағы өлең-толғауларымен («Сараң байға», «Мырзалық емес», «Жесір дауы», «Бір қойшыға», «Сүйінші», «Сыр», «Ақ алтынды аймағым», «Колхозшыларға», «Мұзбалақтар») Сыр бойына жас кезінен танымал болады. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің ашылу құрметіне арналған этнографиялық концертке, қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне, республикалық ақындар айтыстарына қатысқан Соғыс жылдарында арнаулы концерттік бригада ұйымдастырып, халықтың рухын көтеруге белсене ат салысты.  Бекежанов сырнаймен, домбырамен ән, терме, толғау, жыр айту, айтыс дәстүрін дамытқан, өзінің бірегей ән-жыр мектебін қалыптастырған сазгер, ақын, халық әндерін және өз әндерін орындау шеберлігімен қазақ өнерінің тарихында қалған. Оның «Толқын», «Нартай сазы», «Ахау, жалған», «Нартайдың әні», т.б. әндері ұлттық ән өнерінің алтын қорына қосылды.  Шығармалары «Домбыра сазы», «Өлеңдері мен айтыстары», «Өсиет», «Аманат» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. Қызылорда облысының қазақ драма театрына Бекежанов есімі берілген. Осы облыстың Шиелі ауданында Бекежанов ауылы бар.

23 қыркүйек 2018 ж. 3 796 0