Сырдың цементі мен шынысы – басты бренд
Биыл облыс экономикасының бәсі жоғарылайтын, негізгі көрсеткіштердің көбеюіне қолайлы жыл. Өндіріс ошағына айналмағанымызбен, өнім өндіру мен экспорттауда алдыңғы қатарда тұрғанымыз рас. Өңірімізде соңғы жылдары көптеген зауыттар мен өндіріс ошақтары салынуда. Солардың қатарында молибден өндіру, балық өңдеу, цемент және шыны зауыттары да бар. Әрине, бұл төртеуі де – аймақтық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар. Және бұл төртеуі де осы жылдың аяғына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Осы ретте аймақ басшысы Қ.Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында жыл соңына қарай іске қосылатын цемент зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс алаңында 600-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Бүгінде зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Ал зауыттың болашақ қызметкерлері Қытай елінде білім алуда. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар қатарынан жұмыссыздар санын азайту үшін «Гежуба Шиелі Цемент» компаниясы аудандағы индустриалды колледждің 46 түлегін Қытайға білім алуға әрі жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Құрылыс басында аймақ басшысы осы бағытта оқуын тамамдап келген алғашқы лекпе¬н жүздесті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және теміржол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.
Естеріңізге салайық, Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн тоннаны құрайды. Зауыт алаңында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына таман іске қосылғаннан кейін кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады.
Облыс әкімінің аралаған екінші нысаны – шыны зауытының алаңы. Мұнда ағымдағы жылдың ІV тоқсанында толықтай іске қосылатын 4 нысанның құрылыс жұмыстарын аралады. Зауыт алаңындағы 17 мердігер компанияның қарамағында 240-қа жуық адам жұмыс істеуде. Қазіргі таңда зауыттың төрт кешенінде де құрылыс жұмыстары қауырт жүргізілуде. Атап айтқанда, «Дайын өнім қоймасы» бірінші кешен бойынша 85%, «Ішкі теміржол» кешені бойынша 52%, «Негізгі цехтар» кешені бойынша 45%, «Ішкі инженерлік желілер» кешені бойынша 7% жұмыс аяқталып тұр. Алдағы уақытта бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылған. Зауытқа қажетті шикізаттарды жеткізіп беру үшін қараша айына дейін теміржол құрылысын аяқтап, жыл соңында Елбасымен өтетін тікелей телекөпір аясында зауытты іске қосу үшін облыс әкімдігі тиісті жұмыстарды атқаруда.
Айта кетейік, «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қосылды. 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жобаны Қызылорда облысының индустриялық аймағында жүзеге асыру жоспарланған. Бұйырса, жылдың соңында Қызылорда облысы индустриалды аймақтардың алдыңғы қатарына енеді. Өйткені бізде жерасты және жерүсті байлықтарының барлығы кәдеге жарамды тауар ретінде өндіріледі және экспортталады. Ал әзірге басты бренді Сырдың күріші болса, бұдан кейін Сырдың шынысы, Сырдың цементі деген тамаша теңеумен мақтанып жүретін боламыз.
halyk-gazeti.kz