Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Береке жастары, мерекенің бастауы

Береке жастары, мерекенің бастауы


Елбасының «Еліміздің ертеңі, білімді жастарды» деген сөзін ұмытпауымыз керек. Білім мен тәрбиені ұштастыру ерекшелік. Осы бағытта жұмыс жасайтын Рысқұлов көшесі №5 ғимаратының 2-ші қабатында «Береке» жастар қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті.
Шараға ішкі саясат бөлім басшысы Жібек Баймұратова арнайы келіп, лентасын қиып, жұмысын бастағалы отырған жастарға сәттілік тіледі.
Қоғамдық бірлестіктің негізгі бағыттары: «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» және Шиелі ауданының жұмыссыз жас­тарының құқықтық сауаттылығын арт­тыруға, жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік бағдарлануына ықпал ету. Шиелі ау­данының өнерлі жастарын қолдау, жас­тар шығармашылығын және «Жайдар­ман» сайыстарын дамыту қызметін ұйымдастыру» болып табылады. Ауыл-ауылдағы өнері көпке танылмай жүрген таланттарды шығарып, ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Жұмыссыз жастардың уақытын тиімді пайдалануын басты назарға алған. Аталған жобалар бойынша арнайы кеңестер де береді. Қабылдау уақыты сейсенбі-жұма күндері болмақ. Осылайша, мереке бастауы болатын «Береке» жастары жұмыстарын бас­тап кетті.

Б.Ержігіт.
12 қыркүйек 2018 ж. 2 175 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 78

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031