Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар еңбек жолына түсс е...

Жастар еңбек жолына түсс е...


Күздің бірінші күндерінен-ақ ауа райы күрт салқындап, өңір тұрғындарының өңін жи-
нап алғандай. Шаруалар еккен егінінің өнімін жинауға кірісіп кетті. Күрішке орақ түсіп, дала
төсінде толассыз дүбір. Үш айғы демалыстан кейін тыныштығын балалардың шат күлкісі
мен мен қоңыраудың сыңғыры бұзған мектеп те керемет көріністер алаңына айналып үлгерді.
Адамдар күнмен таласа тұрып бірі жұмысына, бірі күнделікті тіршілігі мен табысуға асығады.
Әйтеуір, қайнаған қарбалас. Тек бұл қарбаластың арасынан өз орнын таба алмай жүрген жастар
мен кіріге алмай жүрген жандарды көре алмаймыз.
Десе де, бұл тұрғыда жұмыстар
ж а с а л ы п , ш а р а л а р ұ т ы м д ы
ұйымдастырылуда. Жоғарыда
айтқан қарбалас тірліктің тілімен
сырғып, біз де сондай шараның
к у ә с і б о л д ы қ . Б і з г е м ә л і м
болғанындай, аудан орталығында
жұмыссыз жастар үшін жиын
ұйымдастырылмақ. Сүтпісірім
уақытта орталыққа да табанымыз
тиді. Діттеген жерімізге уақытпен
санаса отырып жылдам жеттік.
«Арзан» сауда орталығының алды
ығы-жығы жастар. Баршасының
жүзінде келешекке үкілі үміт пен
селкеусіз сенімнің табы бар.
Е н д і т а қ ы р ы б ы м ы з д ы ң
тұздығына тоқталар болсақ, «Ар-
зан» сауда орталығы алдында
сала мамандарының қатысуымен
аудан тұрғындарына, оның ішінде
жастарға арналған мемлекеттік
бағдарламалар мен жобалар
бойынша кеңес беру шарасы
ұйымдастырылды. Жиын барысын-
да тұрғындар мен жастар «Диплом-
мен ауылға», «Нәтижелі жұмыспен
қамту және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасы», «Бизнестің
жол картасы-2020», «Жасыл ел»
бағдарламалары турасында толық
мәліметтермен қанықты. Соны-
мен қатар, Шиелі индустриалды-
аграрлық колледжіне 2018-2019
оқу жылына талапкерлер үшін
кәсіптік-техникалық мамандықтар
жөніндегі түсіндірме жұмыстары
жүргізіліп, маңызды мәліметтер
берілді.
Нәтижесінде, жалпы кеңеске
120 ға жуық адам қатысып, 85
адамға кәсіби бағытта бизнеске,
агро салаға, жұмыссыздыққа бай-
ланысты бағыт-бағдар ұсынылды.
Иә, жастар – ел ертеңi дейміз.
Елiмiздiң болашағы жастардың
еңбекқорлығына, талап-тiлегiне,
арман-мұратына байланысты. Олар
ата-бабаларымыздан мұра болып
келе жатқан құндылықтарымызды,
тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып,
оны алға бастырып қана қоймай,
э к о н о м и к а с ы н , ғ ы л ы м ы н д а
дамытуға, жiгерлене ел үшiн
еңбектенуге мiндеттi. Ендеше,
жастар
еңбек жолына түскенде
ғана қоғамын өрге бастыра алады.
Міне, осылайша күн арқан
бойы көтеріле аталған акция да өз
мәресіне жетті. Мақсатты шаруа-
мыз межесіне жеткенде базар орта-
сын бағытқа алып біз де халық ара-
сына сіңісе бердік.
Дина ӘБІЛАСАН
08 қыркүйек 2018 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031