Тырнақтағы ақ дақтар шығу себебі мен емдеу жолдары
Тырнақтағы дақтар организімдегі кейбір бұзылудың көрсеткіші. Егерде тырнағыңызда ақ нүктелер пайда бола бастаса не істеу керек.
Тырнақтағы ақ дақтар тырнақтың кератоза және аномальді кератинизация нәтижесінде пайда болады. Тырнақтың қабыршықтарындағы қатпарлар арасында, тырнақтың ажыруына алып келетін ауа көпіршіктері түзіледі.
Тырнақтағы ақ нүктелердің пайда болуына әсер ететін себептер.
Ақ түсті нүктелер көптеген себептерге байланысты пайда болуы мүмкін, алайда ол әрқашан ағзадағы мәселенің барының көрсеткіші. Негізгі факторларды қарастырайық.
Дәрумендердің жетіспеуінен. Диетаны көп ұстанатын немесе нашар тамақтанатын адамдардар, әртүрлі қалыптағы және өлшемдегі ақ нүктелерді байқауға болады. Бұл адам адам ағзасында темірдің, А, С және Е сияқты дәрумендердің жетіспеуі.
Ақуыздың жетіспеуінен. Бұл жағыдайда ақау тік сызықша сияқты болып пайда болады. Осы кезде тырнақтар жұқа болып, шаш жиі түсіп және иммунитет нашарлайды.
Бүйрек ауруларынан. Егерде ақ дақтар тырнақтың төменгі бөлігінде орналасатын болса, онда бұл бүйрек ауруларының көрсеткіші.
Күйзеліс. Күйзеліс бізді әр қадамымызда күтіп тұр. Егер ақ түсті нүктелер күйзеліс кезінде пайда болса, онда себепші осы фактор.
Ішкі органдардың басқа да ауруларынан. Нақты себепті арнайы маманның кеңесінен өткен соң ғана ала аласыз. Ол асқазанның және жүрек қан тамырларының да қызметінің бұзылуынан пайда болуы мүмкін.
Тырнақтағы ақ дақтардың пайда болмауының алдын алу және емдеу
Дұрыс диета, толық демалу, денсаулық кепілі. Енді емдеуге келетін болсақ:
Біріншіден, ең алдымен сіз дәрігердің көмегіне жүгініп, нақты себебін анықтап алыңыз.
Диагноздан тәуелсіз дәрумендерді қабылдаған жөн.
Егерде ақ дақтар инфекцияның нәтижесі болып табылса, онда емдеу арнайы мазь көмегімен іске асырылады және тек қана дерматологтың ұсынысымен.
Егерде жарақаттың әсерінен пайда болған болса, онда кастор майын қолданыңыз. Дәріханалардан арнайы дәрілік кремдерді табуға болады.
https://www.tarbie.kz/