Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаздағы тырнақ күтімі

Жаздағы тырнақ күтімі

Кез келген бойжеткенде тырнаққа байланысты қиындықтар туындайды. Әсіресе күннің аптап ыстығы, жел мен құрғақшылық араласып келетін жаз мезгілінде ерекше күтімді қажетсінеді. Мұндай қиындықтардың тууына психологиялық көңіл күй де әсер етеді. Тырнақ дегеніміз не? Тырнақ – түрлі мүйізгек жасушаларынан құралатын тығыз тілімше. Тырнақ жасушалардың бөлінуі арқылы өмір бойы өседі. Тәулігіне 0,1 мм-ге ұзарады. Уақыт өте келе тілімшенің өсу қарқыны айтарлықтай бәсеңдейді. Олай болса, тырнаққа байланысты қиындықтар мен оны күту мәселесіне тоқталайық. №1 мәселе. Кебе (тырнақтың көтерілген еті, саусақтың көбеген терісі) – бұл екінің бірінде кездеседі десек те болады. Тырнақты олардан тазарту үшін пайда болу себебін анықтайық. Тырнақты тістелеуге болмайды. Мұны бала күніңізде анаңыз да айтқан шығар. Әдетте кебенің пайда болуына ағзаның құрғауы әсер етеді. Қолымыздың терісі жаз мезгілінде қатты құрғайды. Сондықтан тәулігіне суды қандай мөлшерде ішетініңізге мән беріңіз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Бұдан өзге кебе ішегіміз ауырғанда пайда болады. Ішек ауырған кезде кутикулдың саулығын қамтамасыз ететін дәрумендер мен микроэлементтер бөлініп шықпайды. Мұндайда өз бетімізше ем-дом жүргізбей, бірден дәрігерге көрінгеніміз жөн. Кебелерді арнайы тістеуіктердің көмегімен кесіңіз. Оларды ешуақытта жұлып алуға болмайды. Жұлып алатын болсаңыз, теріңіз жараланып, қанға микробтар түседі. Қолыңызға крем мен түрлі май жағып тұрыңыз. Бұл үшін күнбағыс майы да жарайды. №2 мәселе. Сары тырнақ ұсқынсыз көрінеді. Мұның басты себебі – қышыма қотыр инфекциясы. Оны кетіру үшін түрлі зертханалық тәсілді қолданады. Аталған инфекцияны да дәрігердің көмегімен кетіргеніміз жөн. Бұдан өзге лак, ыдыс жуатын құрал және химиялық заттар тырнақты сарғайтады. Үй жағдайында мұндайды лимон шырынының көмегімен кетурге болады. Шырынды тырнағыңызға жақсылап жағыңыз. Мұнымен қатар, теңіз тұзы қосылған ванналардың да пайдасы мол. Себебі химиялық зақымдану болса, сізге тек уақыт көмектеседі. Ол тырнақ жабындысы 3-5 айда өздігінен ауысқан кезде ғана емделеді. Тырнақты ағартуға арналған түрлі тұзды рәсім бар. № 3 мәселе. Тырнақтың қатпарлануы. Әдетте ағзаға Д дәрумені мен кальций жетіспеген кезде болады. Олардың орнына уақтылы дәрумен қабылдау арқылы толықтыруға болады. Күнделікті қандай тағамдарды жейтініңізге де мән беріңіз. Балық, жаңғақ, ірімшік сынды тағамдарды көбірек жеңіз. БҚО тұрғындары секілді балықты көп жемесек те, оның пайдасы мол екенін ескеріңіз. Тырнақ ағзаға кремний жетіспеген кезде де қатпарлана бастайды. Кремний салат, банан, ақжелкен сынды тағамдардың құрамында болады. Тырнақ сыртқы агрессиялық факторлардың әсерінен де қатпарлануы мүмкін. Әдетте бұл белгілі бір сала түріне байланысты болады. Тек дұрыс тамақтануға көңіл бөліп қоймай, тырнақтың сыртқы пішінін күтуге мән беріңіз. Арасында лак жағуды ұмытпаңыз. Жоғарыдағы рәсімдер көп уақытты шығындайды. Алайда сұлулықтың құрбандықты талап ететінін ескеріңіз.

Massaget.kz
26 шілде 2018 ж. 2 249 0