Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Корея компаниялары Қазақстанда заманауи автобекеттер салуға ниет білдірді

Корея компаниялары Қазақстанда заманауи автобекеттер салуға ниет білдірді


Корея компаниялары Қазақстанда заманауи автобекеттер салуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы Сеулде өткен семинарда белгілі болды. Кореялық кәсіпкерлерге еліміздегі инвестициялық жобалар ұсынылды. Олардың бірі облыс орталықтарында заманауи автобекеттерін салу. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін елімізде мұндай бекеттің сегізі тұрғызылуы тиіс. Олар қоғамдық көліктер жайлылығына қарай 3 санатқа бөлінетін болады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ол үшін қажетті жол инфрақұрылымы салынған. Атап айтқанда Қорғас-Алматы-Ақтөбе бағытындағы жаңа жол пайдалануға берілді. Ал Астана-Алматы арасындағы жолдың құрылысы басталып кетті. Тағы бір жаңа жол Өскемен мен Ақтауды байланыстыратын болады.   Айта кетейік жиынды Қазақстанның Кореядағы елшілігі, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы ұйымдастырды. Ғани Жілісбаев, Қазақстандық МЖӘ орталығының жобалар басқарушысы: - 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін 35 миллиард теңгеден бөлінуі қарастырылып отыр. Бұл не деген сөз? Егер Корея инвесторлары қазір Қазақстанға келіп автобекеттер құра бастаса, онда біздің кәсіпкерлер, автобус шығаратын кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысындағы, олар да өз автобустарын сату бойынша пайда болады.   Айгүл Нұралина, «Kazakh Invest» ҰҚ менеджері: - Екі мың бесінші жылдан бастап екі мың он алтыншы жылға дейін Қазақстан мен Корея арасында 23 инвестициялық жоба пайда болды. Қазір біз тағы он жобаны жүзеге асып отырмыз.

www.24.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 653 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 67

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031