Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Табыстың кілті – білімде

Табыстың кілті – білімде


Сондықтан, елімізде білімге көңіл бөлу мәселесіне ерекше ден қойылған. Тіпті, осы салаға бөлінген бюджет шығыстарының есебі жөнінен Қазақстан алдыңғы елдердің қатарында. Мәселе білімге кеткен шығында емес, ең бастысы сапалы нәтиже керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында осы және өзге де тақырыптарды тереңінен тарқатты. Табысты болудың басты факторы – білімде. Жылдам дамыған сырғыма уақытқа ілесе алатын білімдар адам ғана биікке бет алады. Демек, бүгінгі жастарға қойылар талап – ұлттық рухты ұлықтай отырып, білімнің байрағын желбірету.
Бүгінде миллиардтаған тұрғын өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде ағылшын тілін үйренуге бет бұрып жатыр. Өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігін дер кезінде пайдалану қажет. Жер жүзіндегі жаңалықтың көлеңкесінде қалып, үйден шықпай терезеден телміре берсек, өспейтініміз анық. Сондықтан да, Елбасы алға даму үшін сананың ашықтығы, зерденің зеректігі қажет екенін алға тартты.
Иә, білімді адамның қашан да табысты болатынына Гүлсезім Батырбаева әлдеқашан көз жеткізді. КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар мемлекеттік саясаттану мамандығы бойынша түлегі Гүлсезім Маратқызының бағындырған биіктері – ерен еңбегі мен ыждағаттылығының куәсіндей.
Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен кездесудің құрметті қонағы болған кейіпкеріміз тіл үйрену, білімін жетілдіру, мақсатқа жету жолындағы тәжірибелерімен жастармен бөлісіп, қызықтарын баяндады.
Әңгімемізді нақтылар болсақ, №45 “Ақ Орда” мектеп-гимназиясының оқушысы, Г.Маратқызы 11-сыныпты Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Каролина штатының Колумбия қаласындағы Ридже Вью мектебінде оқиды. Ал, жоғарғы білімді елімізде алғаннан кейін 2018 жылы Швецияның Упсала университетінде білім алып, бүгінде Оңтүстік Корея Республикасының Сеул ұлттық университетінің магистратурасының грант иегері атанды.
Кездесу барысында Г.Батырбаева шет елдің білім беру жүйесіндегі айтарлықтай өзгешеліктері мен артықшылықтарын атап өтті. Сонымен қатар, барған елінің өмір сүру қағидалары мен менталитеті, шет тілдерін, әсіресе, ағылшын тілінің қазіргі замандағы маңыздылығы әңгіме арқауына айналды. Мұнымен қоса, мектеп оқушыларына шет елде оқу мүмкіндігі бойынша бағыт-бағдар беріп, маңызды ақпараттармен бөлісті. Жиынға қатысушылар сұрақтар жолдап, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу мейманы кеш соңында мол мүмкіндіктер мекеніне айналған алтын ұя мектебіне, тағылымы терең тәрбие берген ұстаздарына алғысын жеткізді.
Әбіл АСАН.
01 қыркүйек 2018 ж. 1 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031