Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамға ұқсайтын роботтардың бірінші бестігі

Адамға ұқсайтын роботтардың бірінші бестігі

Робототехникада ғылым дамығанан кейін, ғалымдар адамға ұқсайтын механизмдер жасау саласындағы жаңа қадамдарға бара бастады. Жасанды сананы жасау компьютер инженерлері мен бағдарламашылардың ең негізгі мақсаттарының бірі. Назарларыңызға адамзат нәсіліне ұқсайтын үздік бес роботты ұсынамыз. 1. София Бұл атақты робот дәрігер Дэвид Хэнсонның "қызы". Дэвид Хэнсон – америкалық робототехник, 2013 жылы негізі қаланған Гонконгтағы робототехникалық "Hanson Robotics" компаниясының иесі. София жаратылғанан бастап танымалдылыққа жетті. Газет-журналдарда сұқбат берді. Cosmopolitan және Elle журналдарының бетінде оның суреттері жиі-жиі шығатын болды. Халықаралық БАҚ-тың басты тақырыбына айналды. София кез келген адаммен сөйлесе алатын бірнеше тілді меңгерген. 2. Юнко Чихира (Junko Chihira) Юнко Чихира Toshiba компаниясының өнімі – үш тілді білетін андроид. Ол адамның ішкі сезімін жүзіне орнатылған бірнеше құрылғылар арқылы айнытпай қайталайды. Чихира қазір жұмыс істейді. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында келушілерді күтіп алып, оларға керек мәліметтерді береді. Қонақтар онымен арнайы пернетақта арқылы сөйлесе алады. 3. Эрика (Erica) Жасанды сананы қиын тақырыптарда толық және табиғи түрде сұқбаттасуға үйрету қиынның қиыны. Ол үшін робот сұқбаттасушының сөйлеу мәнерін сезіп, эмоциялық әрекеттерін анықтап, сұрақтарына ұтымды жауап қайтара білу қажет. Эрика мінсіз болмаса да, онымен сөйлесу кез келген адам үшін қызықты. Бұдан басқа, ол сізді жүзіндегі және ым-ишараларындағы жауап реакцияларымен таңғалдырады. 4. Geminoid DK Бұл робот Даниядағы Ольборг Университеті оқытушысы Хенрик Шарфтың прототипі. Geminoid DK жасанды санасының ерекшелігі – гиперреалдылығында. Оны жасау үшін 200 мың доллар жұмсалған. Робот адам сезімдерін үйрену үшін арнайы жасап шығарылған. 5. Надин (Nadine) Бұл робот та адамның өзіне тән көшірмесі. Оны Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальманға ұқсатып жасаған. Нади сезімдерге өте бай: адамдар сияқты ренжи алады, таңғалады, қабағын түйіп, күле алады. Бұдан басқа, көрген барлық адамдарымен сұқбаттасу кезінде айтылған сөздерді есіне сақтайды. Сұқбат кезінде ол үнемі адамның көзіне қарап тұрып сөйлейді.

Massaget.kz
30 тамыз 2018 ж. 1 010 0