Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Амазонкада көрінбейтін көбелек өмір сүреді

Амазонкада көрінбейтін көбелек өмір сүреді

Оңтүстік Америкадағы Амазонканың дымқыл ормандарында нимфолид семьясына жататын көбелектің түрі тіршілік етеді. "Greta oto" деп аталатын бұл ерекше көбелек Мексиканың да ылғалды ормандарын өзіне мекен еткен. Сол аймақтағы көбелектер ішінде ең көп кездесетіні де сол болып келеді. Көбелектің өзі онша үлкен емес. Қанаттарын толық жайғанда 5-6 см шамасында болады. Оның қанатынан өткен күретамырларындағы ұлпалар түсті қабыршақтардың жетіспеушілігінен көрінбейді. Олар қырықбуындар қорек ететін цеструм текті өсімдіктерге жұмыртқалайды. Себебі қырықбуындар көбелектің тұқымдарына улы алкалоидтың ұлпаларын қалдырып кетеді. Сол ұлпамен тұқымдар қоректенеді екен. Көбелектің денесінен ол өскеннен кейін де алкалоидтың иісі шығып тұратындықтан, құстар немесе көбелектерді қорек ететін басқа жәндіктер оны жеуден бас тартады. Бұл табиғи қорғанудың бір тәсілі болса керек. Экологтар үшін Грета Ото қоршаған орта жағдайының өзіндік көрсеткіші. Бұл көбелектер қоршаған орта мінсіз болған жерде ғана өмір сүреді. Ал көбелектің белгілі бір жерде өліп қалуы сол мекеннің экологиялық өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. Сондықтан, экологтар Грета Отоның әр тұқымын мұқият бақылауда ұстауға тырысады.

Massaget.kz
27 тамыз 2018 ж. 4 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930