Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі
2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады..
Аталған заңдар медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.
Медиацияның қолданылу саласы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар /дау-шаралар/ медиацияныңқолданылу саласы болыптабылады.
Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау- шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау- шарды реттеу туралы келісімді білдіреді. Аталған келісім дереу іс жүргізуіндегі қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән- жай болып табылады және дау- шардлы реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Сонымен « Медиация- үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың- медиатордың қатысуымен дау- жанжалды шешудің баламалы әрекеттерінің бірі, ол тараптарды өзара бітімге келуге көмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді»
Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.
Медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Медиаторлар ассоциясынан /одағынан/ арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін / тізілімін/ Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізінде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс.
Мұнымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілет жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.
Азаматтық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дауды даушарды реттеу туралы келісім дереу іс жүргізуінде азаматтық іс жатқан судьяға жіберіледі. Дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен бекітеді.
Медиатор- бұл бітімгер. Бұл- қазақ халқының ұлттық болмысыне ең жақын ұғым. Түрмесі болмағын іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам деп білеміз.
А.Өмірәлиева,
Шиелі аудандық сотының
бас маманы