Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс – экономиканы алға тартар күш

Құрылыс – экономиканы алға тартар күш


Алла тағала жер мен көкті жаратса, жер бетіне мыңдаған қалалар тұрғызып, зәулім сарайлар мен әсем ғимараттар, көпқабатты тұрғын үйлердің дүниеге келуіне құрылысшылардың ерен еңбегі себепкер. Елордамыз Астана 20 жылда әлемді сүйсіндірген сұлу қалалардың қатарынан бой көрсетіп жатса, Сыр Алаштың анасы атанған Қызылорда қаласында да ауыз толтырып айтарлық өзгерістер бар. Ал, 90 жылдық тарихы бар Шиелі ауданында құрылыс саласының қызметкерлері өлшеусіз еңбек етіп келеді...
1958 жылы Шиелі ауданында алғашқы рет «Облмежколхозстройға» қарасты колхозаралық құрылыс ұйымы құрылып, ауданның ұжымшарларына тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық ғимараттар және ауылшаруашылық құрылыстар сала бастады. Нақтырақ айтар болсақ, қазіргі Бидайкөл ауылына тұрғын үйлермен қатар 300 орындық клубты, Ш.Қодаманов ауылынан 624 орындық мектеппен 90 орындық балабақшаны, Н.Бекежанов, Ы.Жақаев ауылынан да клуб пен балабақша, Шиелі кентіндегі «Жадыра» сауда орталығының ғимараттарын салып, халық игілігіне берген болатын. Осы колхозаралық құрылыс ұйымының алғашқы басшысы Қ.Ботаев болса, одан кейінгі 1970-1989 жылдары Т.Назаров, М.Егембергенов, К.Сапарбаев, С.Нұрекеев басқарып, көптеген тұрғын үйлердің бой көтеруіне мұрындық болады.
Аудан орталығындағы сәулеті келіскен ғимараттар мен мәдени ошақтардың іргетасын қалауда «Қызылордасельстрой-16» тресіне қарасты №1607 жылжымалы мехколоннаның инженер-техниктері З.Әбілқайыров, Т.Мырзалиев, А.Сандыбаев, Ү.Күздеубаев, В.Цой, П.Бекназаров, Қ.Псанбаевтар ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етеді. «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, тас қалаушы К.Жүністаев, Ә.Қыдырбеков, Р.Сейітмұратов, Ү.Мәдиев, В.Шепик, сылақшылар Ф.Матушкина, Р.Богобеева, Л.Тюжева, З.Асылбекова, Б.Тәжімбетова, Р.Жұмабаева ел құрметіне бөленген құрылысшы ардагерлер. Осы орайда, Қазақ ССР-нің «Құрметті құрылысшысы» атағын алған Д.Өтеулиев, социалистік еңбек екпіндісі Д.Нәбішевті де айта кеткеніміз жөн. Себебі, Шиелі және кент әкімдіктерінің, ауылшаруашылық бөлімінің ғимаратын, сондай-ақ, 964 орындық А.Пушкин атындағы мектепті, бұрынғы СПТУ-1 комплексін, 400 орындық «Жеңіс» кинотеатрын және бүгінгі таңда мәдени, рухани кештердің ордасына айналған «Салтанат сарайының» кірпішін қалаған осы құрылысшылар болатын.
Сонымен қатар, аудан, ауыл ішіндегі аурухана, мектеп, балабақша ғимараттарының әрбір бұрышында Е.Әбдіқайымов, Т.Медетбеков, Б.Өтеев, Е.Әбдіқалықов, О.Ибраев, М.Әлсеріков, Е.Абдуллаев, Е.Досанов, М.Сыздықов және Қ.Құрманбаев, Д.Нұрбаев, Ә.Есімов т.б көптеген қызметкерлердің маңдай тер, адал еңбегі жатыр. Күн құбылып, жаңбыр тамшылап, қар жауса да еш қиындыққа қарамаған «ҚР Құрметті құрылысшылары» атағына ие болған Т.Әбілдаев, Н.Мырзабеков, М.Жаңабергенов, О.Ибраев ел үшін тынбай еңбек етіп, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға сүбелі үлес қосқан құрылысшылар деп марқая сөз етеміз.
Болашаққа, ұрпаққа мұра болып қалар мыңдаған нысанның іске қосылуы, көкпен таласқан ғимараттардың бой көтеруі бүгінгі күннің талабы. Осы жолда өшпес өзіндік қолтаңбасын қалдырған сәулетші, құрылысшылардың біршамасын әңгімемізге арқау еттік және алдағы уақытта да айтыла береді...

Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.
12 тамыз 2018 ж. 1 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031