Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғабастықтардың ән кеші

Алғабастықтардың ән кеші


Алғабас ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай ауылдық мәдениет үйі ауласында «Алғабастықтардың ән кеші» атты мәдени шара өтті. Қатпар-қатпар тарихтың беттерін парақтап, ауылдың өткені мен бүгінінен мағлұмат берген шараның жалғасы велосипедпен кедергіден өту сайысына ұласты. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа баулыған жарыстың қорытындысы бойынша Е.Әмзеғали І-орынды иеленсе, Б.Жасұланұлы ІІ-орынды, Д.Мұханов ІІІ-орынды қанжығалады. Сонымен қатар, ауыл әкімі Ә.Бегайдаровтың Алғыс хатымен С.Іргебаев, М.Өтегенов, С.Жантұрсын, Н.Зейноллаев марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Барша ауыл тұрғындарының басын қосқан мерекелік бағдарлама соңы жылы лебіздер мен ыстық ықыластар тоғысқан керемет кешке айналды.

Г.ДҮЙСЕБАЙ.
07 тамыз 2018 ж. 2 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (9405).

23 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930