Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде талай қызық бар

Әлемде талай қызық бар

Картоп тасығанда алыс жолға көбінесе шыдамай  шіріп кетеді. Жақында Америка Құрама Штаттарында  автомобиль  сүйретпе  ойлап шығарылды.  Картоп тиелген машина  тоңазытқышпен  брезент  өңеш  арқылы байланысады.  Өңештен шыққан  салқын ауа  картопты аралап, машинаның астыңғы  жағындағы  өңеш арқылы қайтадан тоңазытқышқа  кіріп айналып тұрады.
***
Көздің қарашығындай сағат ағылшын  көрмесіне қойылды. Ол 74  бөлшектен құралған. Диаметрінің жіңішкелігі адам шашының бестен біріндей.  Екінші бір сағат  пластмассадан жасалған. Оны майыстыруға, кез-келген түрге келтіруге  болады. Бірақ жүрісіне  нұқсан келмейді.
***
Өте биікте  ұшып келе жатқан ұшқыш самолет тетіктерінің  бірі істен шықса-ақ кез-келген жерге  қонуға  мәжбүр болады. Мұндайда самолет қонуға  ыңғайлы жер болса жақсы, ал егер қолайсыз болса  апат болуы  сөзсіз. Бірақ мұндай  жағдай сирек те болса кездеседі.
Қазір аспандағы апаттан құтылуға  мүмкіндік бар. Жақында ғалымдар ұшқыштардың сенімді көмекшісі пенетромметр құралын жасап шығарды. Бұл тұтанғыш дәрілі ракета оның корпусына инфрақызыл сәулелі кішкентай генератор бекітілген. Ұшқыш қауіпті сезісімен ракетаны самолеттен жерге тастайды. Егер жер жұмсақтау болса ракета жерге кіре түседі. Ал қатты болса, ол жерге тиісімен жарылады. Ракетадан шыққан сәулелерді есептеу  арқылы  ұшқыш қонатын  жерді бағыттай алады.
 
***
Қыста Москва мен Ленинградтың арасы жазбен салыстырғанда 300 метр жақындай түседі екен. Бұл аяздың әсерінен темір жол рельсінің қысқаруынан болады. Сондай-ақ  қыста Эйфель  мұнарасы   аяздың әсерінен 15 сантиметр аласарған.
***
Жазу машинасын басатын әйелдің қолы  жұмыс күн ішінде  20 километрге тең келетін жолдай қозғалыс жасайды. Мұны әдейі жүргізілген есеп көрсеткен.
27 шілде 2018 ж. 966 0