Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажымұқанның ұшағы қайда?

Қажымұқанның ұшағы қайда?

Соғыс кезінде ауылдарды көп аралап, өнер көрсеткен Қажымұқан қолына түскен ақшаны жинап, оны жүз мың сомға жеткізіп, Москваға мынандай телеграмма жіберген: «Москва, СССР Қорғаныс комитетіне, Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталин жолдасқа. Мен, қазақ халқының атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасов, өзімнің тапқан табысымнан жүз мың сом ақшаны Совет Армиясының пайдасына беріп отырмын. Сол ақшаға самолет жасатуды өтінемін. Сөйтіп, ол самолетті майданға жіберіп, ең жақсы қазақ ұшқышына табыс етуді сұраймын. Советтік Отанның жеңісіне тілектестікпен Қажымұқан Мұңайтпасов». Сонымен самолет жасалды. Солтүстік Батыс майданына жіберілді. Нақ сол кезде Қазақстан комсомол-жастары жинаған қаржыға жасалған тағы бір самолет келді. Міне, осы екі самолеттің алғашқысында Қажытай Шалабаев ұшты, екіншісі Рашит Бекетовке берілді. Майдан аспанында «Қазақстан комсомолдары» атты самолетпен бірге, қанатының астында «Қажымұқан» деген жазуы бар истребитель қатар самғады. Бұл самолет біздің жеңісімізге өз үлесін қосты. Ол ұшақтар кейін Балтық бойындағы әскери мұражайға табысталды.

Massaget.kz
03 маусым 2018 ж. 1 786 0