Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балуан Шолақ жайлы білгіңіз келсе...

Балуан Шолақ жайлы білгіңіз келсе...



Қазақ қаласы ежелден батырларға бай болған. Оған батырлардың ерліктерін баян еткен халықтың аңыз-әңгімелері дәлел. Халықты өзінің қара күшімен ғана емес, композиторлығымен де тәнті еткен Балуан Шолақ еліміздің мақтанышы, халқымыздың жарқын өкілі.
Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан болған.
Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.
Нұрмағамбеттің әкесі Баймырза балалары жас кезінде Көкшетау жаққа көшіп барған.Ол ағаштан бұйымдар жасап, соларды базарды сатумен табыс тапқан шебер болған. Баймырзаның еңбекқорлығы оның баласына өтеді. Бірақ Нұрмағамбет еңбекқорлықпен қоса, үлкен қара күшімен ерекшеленген.
1879 жылы Баймырза Үйсін ауылының тұрғындарымен бірге жыл сайын жазда Шортан өзенінің жағасында өтетін жәрмеңкеге дайындалады. Тері, жүн тиелген арба аулада дайын тұрады. Бірақ жолға шығатын күні Баймырза сырқаттанып қалады. Ол базарға ересек ұлы Төлеубайды жібермек болады, бірақ ол ауылына оралып үлгермейді де, сөйтіп қалаға жас Нұрмағамбет баратын болады.
Бойы орташа, бірақ кең иықты он бес жасар бозбала сырт киімі болмағандықтан әкесінің тонын киеді. Ол базарға туысы Мұқашпен бірге жіберіледі және оның қолына үйге қажетті тұрмыстық заттар алу үшін біррубль ұстатылады.
Таудың етегінде өтіп жатқан қанды базар Нұрмағамбетті таң қалдырады. Барлық жерде қызған сауда, айқайлаған делдалдар. Кенеттен Нұрмағамбеттің назарын айнала тұрған бір топ адам аударады. Қызық көргісі келген ол сол топқа жақындайды. Сөйтсе, онда бір пысық адам адамдарды шақырып, өзі ертіп келген балуанмен күресуге шақырып жатыр екен. Бәске бір рубль тігілуі керек, ол ақшаны жеңген адам алатын болады. Әрине, оңай табысқа батқысы келгендер жеткілікті, бірақ балуанды жеңген ешкім болмайды.
Нұрмағамбет өз күшін сынап көрмек болады. Әлгі орыс балуан алғашында оны баласынып назар да салмайды. Бірақ тым белсенді бозбаланы бір қорқытып алғысы келген әлгі балуанның «келсең, кел» деген сөзінен кейін ол алға ұмтылады. Бірақ үстіне киген тонның етегіне аяғы шалынып, балуанның тура алдына барып құлайды. Туысы Мұқаш әлгі үйдегілер берген рублдіорыс балуанның қолына ұстатқаннан басқа амалы қалмайды, және Нұрмағамбетті бір сыбап алады.
Түнде Нұрмағамбет дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Ол орыс балуанын жеңе алатынын дәлелдегісі келеді. Таңертең тұра салып, Нұрмағамбет алаңға, әлгі балуанға тартады. Бозбаланы мұқатқысы келген балуан бәске бір теңге емес, сегіз теңге тігуді ұсынады. Ол кезде мұндай ақшаға сегіз қой алуға болатын. Мұқаштың айқайына құлақ аспаған Нұрмағамбет шапанын шешеді, күресуге бел буады. Бұл жолы балуандың алдына жүгіріп барады да, белінен ұстап, жерге алып ұрады. Мұндай қызықты көрген көрермендер шапанның үстіне ақша тастай бастайды. Теңгелерді жинап алған соң ол, кешегі ұтылған бір теңгені Мұқашқа қайтарады, сегіз теңгені санап алып, туыстарына сыйлықтар сатып алады. Ал қалған ақшаны ол кедей-кепшіктерге үлестіріп береді. Сол жылы базарға келген халықтың арқасында Балуан Шолақтың ерлігі алысқа тарайды.
Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ бірақ күреспен кәсіби айналыспайды. Ол салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған.
1913 жылы ата-бабасының туып өскен, кіндік қаны тамған Шу өңіріне келген. Осы сапарында Қордай даласында қой бағып жүрген Кенен Әзірбаев оның көптеген әндерін үйренсе, өлкеміздің кейін танымал ақындары болған Жақсыбай Жантөбетов, Бармақ Мықанбайұлы, Сәрсен Жылысбаев, Сауытбек Ұсаұлы және басқа да өнерлі азаматтар онымен бірге ел аралаған. Шу ауданының Шоқпар стансасында тұрған Сәрсен Жылысбаев «Балуан Шолақ» дастанын жазып, онда өзі сыйласып өткен тұлғаның өмір тарихын жырға қосты.
Балуан Шолақ Шу өңірінде болған сапарында көтерген салмағы 1050 кг. тартатын тас бүгінде аудандық тарихи өлкетану мұражайының алдына қойылған. Сондай-ақ, Далақайнар өңіріндегі өзі аршыған тұнба әлі күнге дейін «Балуан Шолақ бұлағы» аталып келеді.

СПОРТТЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК ЖӘНЕ КҮШ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СПОРТ ТҮРЛЕРІ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ САЙТЫНАН.

03 сәуір 2018 ж. 3 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930