Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бурабайды биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады

Бурабайды биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады


Бурабай курортты аймағы енді өзінің көркем табиғатымен ғана емес, алыстан көз тартатын ақпараттық көрнекілігімен де мен мұндалап тұратын болады. Щучинск қаласының жанындағы тау бөктерінде «Burabay» деген алып жазу пайда болды. Бұл әсіресе, Бурабайға Астана жақтан бет алған жолаушыларға анық көрінеді. Биіктігі 14, ал, ені 77 метр болатын нысанды тұрғызуға 20 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл шығынды жергілікті кәсіпкерлер көтерген. Қазірдің өзінде бұл жерге туристер естелік фотоға түсу үшін арнайы келеді. Ал келешекте осы маңайдан курортты өлкені биіктіктен тамашалауға мүмкіндік беретін алаңқай салынады. Бұдан бөлек, Бурабайда туристерге бағыт-бағдар көрсететін ақпараттық тақтайшалар қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Шыңғыс Оразалин, «Бурабай» МҰТП ғылыми қызметкері: – Осы жылы «Кенесары үңгірі», «Бөлектау», «Ханның қызыл ағашы» секілді жаңа бағыттарға ақпараттық тақтайшалар мен бағыттамалар ілінді. Одан бөлек, шағын архитектуралық формаларды да жасап жатырмыз. Бурабайда жалпы 29 туристік бағыт бар. Ондағы көрнекілік ақпараттар жыл сайын жаңартылып отырады.
www.24.kz
27 шілде 2018 ж. 1 155 0