Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Безгекті емдейтін жаңа құрал пайда болды

Безгекті емдейтін жаңа құрал пайда болды


АҚШ-та безгекті емдейтін Tafenoquine прапаратының өндірісі мақұлданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ВВС-дің орыс қызметінен хабарлағандай, бұл барлық деңгейдегі тестілеуден сәтті өткен соңғы 60 жылда жасалған алғашқы дәрі.
«АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен медициналық препараттарды санитарлық бақылау басқармасы аталған дәрілік затты сараптамадан өткізіп, оң бағасын берген соңғы инстанция болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Атап өткендей, бұл дәрі әлем бойынша жыл сайын 8,5 млн адам шалдығатын үш күндік безгекті емдеуге арналған.
«Үш күндік безгек - Африкадағы Сахараның оңтүстігіне қарай кең тараған ауру түрі. Оған көбіне 12 жасқа дейінгі балалар шалдығады, оның үстіне олар безгек жұқтырған жәндіктерге таланады. Осылайша ауру барысы өте қиын өтеді. Жалпы, африкалық елдерде бұл аурудан көз жұму көрсеткіші өте жоғары болып отыр», - дейді мамандар.
Аурудың бұл түрімен күресу өте қиын, себебі оны қоздырғыш (plasmodium vivax) адамның бауырында жылдар бойы сақталуы және уақыт өткеннен кейін қайталануы мүмкін.
Бұдан басқа, науқас өз ортасына қауіп төндіреді, себебі оны тістеген маса бұл ауруды одан ары тарата береді.
Tafenoquine басты міндеті бауырдан жасырынып қалған паразитті шығару болып табылады.
«Ғалымдар безгекпен күресуде Tafenoquine феномен деп отыр. Әлем бойынша барлық реттеушілер осы препаратты өз елдерінде қолдануға ұсыныс бере алама соны шешуі керек», - дейді мамандар.
Baq.kz
23 шілде 2018 ж. 1 351 0