iPhone X және iPhone SE күзде сатылымнан шығады
Әлемдегі ең қымбат брендке айналған Apple компаниясы екі бірдей өнімді одан әрі шығарудан бас тартатынын хабарлады. Оған негізгі себеп, бұл өнімдер компанияның алға қойған мақсатына жетуіне кедергі келтіреді. 1 жылда 3 түрлі iPhone смартфонын бірдей шығарған Apple компаниясы iPhone X және SE телефондарын сатылымнан шығарады. Бұл жайында BlueFin Research басылымының сарапшылары мәлімдеді. Компания алдағы уақытта жарық көретін жаңа смартфондарға сұраныс жоғары болу үшін осындай қадамға барып отыр. Сол себепті де, 2018 жылдың соңғы жартыжылдығына 91 миллион, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығына 92 миллион қаржы құйған. Apple компаниясының есебі бойынша, болашақта жарыққа шығатын iPhone 11 және 11 Plus премиум сегментті, яғни қымбат бағадағы смартфон болады. Экранына өзгерістер енгізілген iPhone 9 болса субфлагмандық телефон есебінде жүреді деп жоспарланған. iPhone SE-нің нарықтағы орнын iPhone 7 мен 8 басады. Естеріңізде болса, Samsung компаниясы да Galaxy Note 9 смартфонын шығарарда Note 8-ді сол уақыттан бастап шығармайтынын хабарлаған еді. Себеп біреу – жаңа смартфонның сатылымына кедергі келтірмеу. Мінекей, ғұмыры ұзаққа созылмаған iPhone X смартфоны дәл осы Galaxy Note 8-дің кебін киді.
Massaget.kz
Massaget.kz