Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең танымал смартфон анықталды

Әлемдегі ең танымал смартфон анықталды


2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысына сәйкес, iPhone X әлемде ең көп сатылған смартфон болды. Apple 29 миллион құрылғы сатыпты. Зерттеу нәтижесі Canalys тәуелсіз аналитикалық компаниясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


«Қарашаның басында Apple өз өнімін жеткізуде қиындықтарға тап болды. Бірақ сол айдың соңы мен желтоқсанның басында компания көп өнім шығарды. Осыдан кейін нарықтың қажеттілігін қанағаттандырып, тіпті сұранысты көбейтуге мүмкіндік алды», — деді сарапшы Бен Стэнтон (Ben Stanton).
Қымбат бағалы iPhone X-тің өте танымал болуы екі факторға байланысты: несиені оңай алу және ескі құрылғыны айырбастау. Өйткені iPhone иесі өзінің ескі Apple-ін өткізіп, жаңасын алуға жеңілдік алды. Ол кезде компания тоқсандық қорытындыны жарияламаған.
22 қаңтарда KGI Securities компаниясының аналитигі Минг-Чи Куо iPhone X енді өндірілмейді және сатылымға шықпайды деген болжам айтқан. Оның айтуынша, Apple 2018 жылдың жазынан бастап смартфон шығаруды тоқтатады. Өйткені, нарыққа жаңа моделі шығады.
http://zanmedia.kz
25 сәуір 2018 ж. 1 107 0