Қасиет қонған қос мекен
Шіліңгір шілденің аптабына қарамастан еліміз мерекелер легін өз дәрежесінде атап өтуде. Санаулы күн бұрын ғана ұлттық сипат алған «домбыра күнін» тойласақ, ал, Астананың туған күні қазақстандықтардың зор дайындықпен келетін айтулы мерекесі болмақ. Соның ішінде киелі мекен Шиелінің де халқы бар.Иә, Астананың 20 жылдығын қалам ұшында сөйлетер алдында көп толғанғандығымыз жасырын емес. Газет бетінде жарық көретін әрбір мақаланың өн бойында оқырманға ой салар, оқығанда көңілдердің пернесін басар тұщымды тұстары болуы айнымас заңдылық, әрине. Нақ осы тақырыпты қаузарда біз экономика мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің көшінде ел тарихында елеулі оқиғаларымен өзіндік орын алар киелі Шиелі ауданымен салыстыра көрсетуді мақсат еттік. Бұған себеп те жоқ емес. Қазақ елінің тәжіндей болған айбынды Астана қаласы жиырмаға келсе, тарихтар тезінен түрленумен қадам басып келе жатқан Шиелі ауданы торқалы тоқсанның табалдырығын аттамақ. Не десек те, шиеліліктер үшін биылғы жыл – мерейлі, мерекелі жыл.
Екі онжылдықта түрлі белесті еңсерген Елорда көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, 1999 жылы Астана ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына лайық деп танылса, 2011 жылы «ТМД мен ЕурАзЭҚ-тың үздік қаласы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. 2012 жылы Қазақстанның бас қаласы «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» құрметті миссиясын табысты орындап шықты.
Жалпы айтқанда, 20 жыл ішінде өрісі кеңейіп, өркендеген Астананың «Ұлы дәуірі» бастау алып, көркею кезеңі жалғасуда. Халықаралық ынтымақтастық қаласына айналған бас қала ел мерейін өсіріп, айбынды мемлекеттің абыройын асқақтатуда.
Сонымен, еліміздегі қалалар мен облыс орталықтары, шағын аудандар елордамыз – Астанаға қарап бой түзесе, өркендеудің жаңа сатысына көтерілері хақ.
Еуразияның жүрегі – Арқаның төріндегі Астанаға қарап бойын тіктеп келе жатқан киелі мекен Шиелінің де келбеті күн санап көркемделуде. Жылдардың тоғысында тамырын тереңнен тартқан Қызылорданың маржаны іспетті болған Шиелі ғасырға жуық кезеңдегі қаншама тарихи оқиғалардың куәгері. Әлеуметтік-экономикалық ахуалы артып, тұрғындарының көңілінде тұрақтылық орын тепкен осынау ауданның ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жетерлік. Қай салаға қалам тартсақ та, қадау-қадау жаңалықтарын алға тартуға болардай.
Тотыдайын түрленген киелі топырақтың құрылысы сәт санап қарыштап, өндіріс орындары іске қосылуда. Халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жасалып, кәсіпкерлік кең қолдау табуда. Ауыл шаруашылығы саласының тынысы кеңейіп, Шиелінің өнімдері экспортқа шығарылуда. Әлеуметтік, атап айтқанда, спорт және мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының бой көтеруі түйінді мәселелердің түйінін тарқатуда. Үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешімін тауып, мектепке дейінгі білім беру 100 пайызға орындалған. Аудан халқы толықтай ауыз сумен қамтылса, кенттіктер көгілдір отынның қызығын қызықтауда. Алдағы уақыттарда бұл көрініс ауылдардан да орын алмақ. Осы тұста мәліметтерге сүйене отырып, кейбір көрсеткіштермен өздеріңізбен бөлісе кетсек.
Жыл басынан аудандық бюджеттің кірісі 5902 млн. теңгеге орындалып, өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 9432 млн. теңгенің өнімін өндірген. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің 4729 субъектісі тіркеліп, онда 7656 адам жұмыспен қамтылыпты. Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда. Олар – «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Фирма Балауса» ЖШС, 2017 жылы өңірлік картаға енгізілген «Тан ЛТД» ЖШС.
Қара жерден несібесін айырған диқандардың да өңір өмірінде орны ерекше. Атап айтқанда, 29 062 гектар жерге егін егіліп, 2404,1 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Құрылыс және инвестиция жөнінде білгеніміздей, негізгі қорға барлығы 9406,0 млн. теңге инвестициялық қаржы салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 661 млн. теңгені құраған. Ал, жалпы ауданы 22485 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындардың мерейі үстем болуда.
Аудандағы білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтардың легі 3 инновациялық мектептің №47, №48 мектеп-лицейлері мен №252 мектеп-гимназиясының ашылуымен толықты. Сөйтіп, инновациялық мектептердің жалпы саны 7-ге жетіп, облыс бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізу аудан халқын зор қуанышқа кенелтті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөнінде айтарымыз, статистикалық мәліметтерге сәйкес 38298 экономикалық белсенді халықтың 36415 адамы жұмыспен қамтылған. Мұнымен қоса, 1005 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, үстіміздегі жылдың 5 айында барлығы 710 жаңа жұмыс орны ашылғандығы белгілі болды.
Шиелілік тұрғындардың денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу бағытында өткен жылы барлығы 154 млн. 645 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынғандығы да көңілге қуаныш ұялатты.
Иә, бас қаламен бірге жанданып келе жатқан киелі мекен – Шиелінің бүгінгі тынысы осындай.
Дина ЖҮСІПОВА.