Киелі мекен – Шиелі екен!
Қорқыт ата жырға қосқан Сыр елім,
Қасиетті құтты мекен, киелім.
Талай ұлы тұлға шыққан, данышпан,
Мен де сені жырға қосып келемін.
Топырағыңды тұмар қылып сақтадым,
Атыңды айтып бар әлемге мақтандым.
Көз тартарлық сұлулығыңа тамсанып,
Сен туралы ән айтылса шаттандым!
Сенде туды академик, түлектер,
Орындалды бала арман, тілектер.
Жүрсе дағы сан тарау жол, қияда,
«Сен» деп соғар жұдырықтай жүректер.
Жастардыңда көзінде от, жалын бар,
Мақсат қойып болашаққа адымдар.
«Төртінші өнәркәсіптік революция» дәуіріне,
Нық сеніммен текті ұрпағың табылар.
Шиелі мекен киелі өңір аймағым,
Күн өткен сайын кемелденіп, жайнадың,
Берік ұстам, айқын мақсат алдында,
Бүгін міне, жел есіп тұр айдарың.
Тербетіліп әсем әндер жырлансын,
Айналамыз әсем әнмен нұрлансын.
90 жылдық мерейтойың бүгінгі,
Ғасырлардан ғасырларға жалғансын!
К.БӨРІБАЕВА,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.