Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік жігіт футбол көру үшін несие алып келген шетелдіктерді үйінде тегін тұрғызып жатыр

Ресейлік жігіт футбол көру үшін несие алып келген шетелдіктерді үйінде тегін тұрғызып жатыр



Ресейдің Екатеринбург қаласында тұратын Владимир Хакимов есімді программист жігіттің әрекеті назар аударлық және таңдануға лайық. Көптеген адамдар Әлем чемпионатына келген шетелдіктердің арқасында пайдаға кенеліп, тұрғын үй бағасын көтеріп жатқанда, Владимир перуандық қонақтарды тегін тұрғызып жатыр.Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оның үйіндегі перуандық қонақтар Джованни мен Ремингтон ел ойлағандай ауқатты адамдар емес. Перуандық жігіттер Ресейге келу үшін несие алып, ақшаны әрең тапқан.
Дегенмен, олар Перу мен Франция арасындағы матчқа үлгеріп келгенімен, бірақ тұрғын үй мәселесіне тап болды. Содан олар желіде шетелдіктерді қонақ ететіндігі туралы хабарлама берген жомарт жігіттің хабарландыруын көріп қалды. Ресейлік жігітке хабарласқан перуандықтар, онымен кездескеннен кейін дұрыс мекен-жайға тап болғандарын түсініп, қуанып кетті. Владимир қонақтарға қаладағы барлық көрікті жерлерді көрсетіп, оларға майонездің дәмін таттырып көрсеткен. Оның айтуы бойынша, перуандық жанкүйерлер оны ауыздарының суы ағып жеді. Джованни мен Ремингтон ресейліктердің қонақжайлылығына сүйсінгені соншалық, олардың біреуі жұмыс тауып Ресейде қалмақшы болды. Шетелдік қонақтардың да екеуі өз елінде электрик болып жұмыс істейді, ал Ресейде ондай мамандар әрқашан қажет. Владимир болса оларға жұмыс тауып бермекші болып, желі қолданушылардан көмек сұрады.
«Джованни біздің елдің электр компанияларына жұмысқа орналасуға бола ма, соны сұрап жатыр. Ол осында қалғысы келеді. Достар оған көмектесіп жіберейік»,- деді ресейлік азамат.
Өкінішке орай, 21 маусымда Перу құрамасы француздықтардан 1:0 есебімен ұтылып қалып, топтан шығып қалды. Сол себепті, өз елінің спортшыларын қолдап келген перуандық қонақтардың да туған жеріне қайтатын уақыты келді. Оларды үйінде тегін қондырған Владимирдің перуандықтарға бауыр басып қалғаны сонша, шетелдік достарын әрең шығарып салды. Бірақ, Екетеринбург тұрғыны көп ұзамай мексикалық жанкүйерлерді тауып алып, үйіне қонақ етті.
Stan.kz
03 шілде 2018 ж. 735 0