Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парижде Viva Tech көрмесі өтті

Парижде Viva Tech көрмесі өтті



Франция астанасы Парижде Viva Tech көрмесі өтіп, Google, Facebook сияқты алыптармен қатар басқа да компаниялардың технология саласындағы стартаптары паш етілді. Соның бірі –Inmoov бірлестігінің 3D принтерде жасап шығарған тегін роботы. Компания басшысы Галь Ланджевиннің айтуынша, ол құлтемірдің алғашқы қолын 7 жыл бұрын жасап шығарған. Содан оның жазбаларын ғаламторға шығарған кезде көптеген адам көшіріп, өз қажеттеріне жаратқан. Осыдан кейін роботтың қалған мүшелерін дайындауға бел буып, ол ақпараттарды да ғаламторға қойған. Ал көрмеге қатысушылар келешекте адамдар құлтемірлерді көптеп қолданып, роботтарды әрбір үйде кездестіретін боламыз дейді. Галь Ланджевин, Inmoov компаниясын құрушы: – Бұл – тегін құлтемір. Адамдар ол туралы ақпаратты ғаламторға кіріп ала алады. Содан кейін оны өзгертіп, я дамытып, өздерінің кез келген жобасына қолдануына болады. Яғни бұл – мүлдем жаңа үрдіс.

24.kz
29 мамыр 2018 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930