Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «МҰЗ ГЛАДИАТОРЛАРЫНЫҢ» ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕСІ АЯҚТАЛДЫ

«МҰЗ ГЛАДИАТОРЛАРЫНЫҢ» ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕСІ АЯҚТАЛДЫ


«Мұз гладиаторларының» қызықты жарысы Астананың «Алау» мұз сарайының жабық базасында өтіп, қызықты бәсекені тамашалауға 4500 көрермен жиналды.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Астанадағы жарысқа Австрия, Германия, Ресей, Швеция елінен спорт делегациясының өкілдері келді. Жарыс жолына ұзын саны ең үздік 18 мотожарысшы шықты. Қазақстаннан бұл жарысқа wild-карта бойынша тәжірибелі спортшылар Андрей Шишегов, Павел Некрасов, Владимир Чеблоков қатысты.
Жарыстың алғашқы күні мотожарысшылар арасындағы шайқас өте тартысты түрде өтіп, финалдың бірінші  кезеңде Швеция өкілі дебютант Мартин Хаарахилтунен ресейлік үш мотожарыс шыға төтеп беріп, екінші орынды жеңіпалды. Финалда қазіргі әлем чемпионы Дмитрий Колтаков топ жарды.
Мұзбетіндегі мотожарыс бойынша әлем чемпионатының жекелігінің екінші күніндегі қорытындысы бойынша жүлделі орындарды ресейлік спортшылар өзара бөлісті. Дмитрий Колтаков бірінші орынды иеленсе, Сергей Карачинцев екі ұпай ғана кем болып, екінші орынға тұрақтады, үшінші орынды Даниил Иванов, төртінші орынды шведтік Мартин Хаарахилтунен жеңіп алды.
Жарыстың екінші күні қазақстандық тәжірибелі спортшы Владимир Чеблоков көрермендерді өзінің керемет жарысымен қуантып, 19 айналымда жақсы нәтижемен көрінді. Алайда Владимир  чемпион Дмитрий Колтаковты алға жіберіп алғанымен, австриялық Франк Цорн мен шведтік Стефан Свенсонды басып озып, екінші болып келді.
Бірінші финалдың қорытындысы бойынша Ресей Федерациясының спортшылары көшбасшы болып танылды, ал немістер мен австриялықтар үшін бұл жарыс аз ұпай және төмен көрсеткішпен аяқталды.
2018 жылы Спидвей бойынша Әлем чемпионатының жекесебінің финалы Халықаралық мотоциклет федерациясының (FIM)  бес кезеңі бойынша өткізіледі. Мамандардың айтуына қарағанда, мұның ішіндегі ең беделдісі Астанада өткен, келесі старт – Ресейде, Германия мен Нидерландияда алдын ала жоспарланып отыр. Айта кетер бір жайт, әлем біріншілігінің командалық есебі Ресейдің Шадринск қаласында өтетін болды.
Еркін ҚАЛДАН
06 ақпан 2018 ж. 947 0