Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәрестенің тілін тапқан

Нәрестенің тілін тапқан


Әлемде ешқашан өлмейтін, даму үстінде ғана жүріп отыратын тұрақты төрт мамандықтың бірі – медицина саласы.  Медицинасы дамыған елдің болашағы зор. Басты себеп – халық жағдайының жақсаруы. Осы салада аянбай қызмет етіп, сәби денсаулығына баса назар аударатын аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің неонатолог дәрігері Балжан Абдрашова 1983 жылы дүниеге келген. Дәрігер 2009 жылдан бері тиісті салада абыройлы қызмет атқарып келеді. Отбасын құрған ол үш баланың анасы. Қазіргі таңда жүкті әйелдерде кездесетін патологиялық жағдайларға байланысты дүниеге келетін нәрестелердің жағдайы ауыр болып туылатын сәттері аз емес. Дүниеге енді келген ересек адамдарша «мына жерім сыздады немесе жағдайым осылай еді» – деп айта да алмайтын нәрестенің жағдайын шыр еткен дауысынан тани білетін қимыл-қозғалысынан жағдайды сезе қоятын Балжан қазіргі таңда перзентхана бөлімінде жыл сайын туылатын 1200-1300 нәрестені аялы алақанымен тексеріп, емдеп, кеңес беріп шығарып салады. Уақытпен санасуды білмейтін білімі мен қайрат жігерін әрдайым бірінші орынға қоятын Балжан дәрігерге тек аналар мен нәрестелер ғана емес, әріптестері де дән риза. Үлкенге құрмет, кішіге ізетті дәрігер. Әрдайым көмек қолын созуға даяр тұратын ақ халатты абзал жанның өз ісіне деген адалдығы мен жауаптылығын көзінен көруге болады.

Е.ҚҰЛМАНОВ,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар»
Шиелі аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ КМК кәсіподақ ұйымының төрағасы.
17 маусым 2018 ж. 1 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930