Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігерлі жастар жүлдемен оралды

Жігерлі жастар жүлдемен оралды

«BI-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры 2004 жылы құрылған. Білім алуда ерекше мұқтаждығы бар балаларды қолдауға алып, мықты балалардың өміріндегі алғашқы баспалдағына шаттық сыйлап, жүректеріне қуаныш ұялатуды дәстүрге айналдырған.
Осы орайда, елордамызда Астана­ның 20 жылдығына арналған «Астана – бақыт мекені» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай» XIII шығармашылық фестивал ұйымдастырылды. Аталмыш фестивал әр облыстан жолдама алып келген «ерекше» және дарынды балалардың қатысуымен өзіндік мазмұнға ие болды.
Бұл қор балаларды салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналы­­су­ға ынталандырады. Олардың денсау­лығын жақсарту мен оңалтуға оң әсерін тигізіп, өмірлік жолдарына ықпал ету мақсатын көздейді. Фестиваль барысында еліміздің әр түкпірінен келген өнерпаздар ән айтып, би билеп, әнді ым-ишаратпен жеткізіп, аспапта ойнап, қолданбалы қөркем өнер, сурет-бейнелеу өнері бойынша дайындап келген шығармашылық туындыларын көрсетіп, көпке қуаныш сыйлады.
Аталмыш шараға аудан атынан қатысып, бағын сынаған Ш.Талғатқызы «Аққу» биін мың бұрала билеп, сонымен қатар байқауға №158 мектептің оқушысы Р.Қалдыбай «Біз Отанның ұланы» әнін шырқаса, №244 мектептің оқушылары Бектас пен Нұртас Қожамұраттар орындауындағы «Заманауи» биі көпшілік көңілінен шықты. Республикалық  байқауға қатысып, аудан намысын қорғап келген оқушылар аудандық білім бөлімінің басшысы  Б.Сейілхановтың қабылдауында болып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.   
    Ж.Қауғанбаева.
16 маусым 2018 ж. 1 084 0