Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде электронды еңбек биржасының тиімділігі артты

Елімізде электронды еңбек биржасының тиімділігі артты

Электронды еңбек биржасына жеке секторды көптеп тарту қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіподақтар федерациясы осындай ұсыныс білдірді. Статистикаға сүйенсек, электронды еңбек биржасына жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылған. Ал жыл басынан бері 112 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. Сондай-ақ 35 мыңнан астам бос жұмыс орны мен 70 мыңдай түйіндеме жүктелген. Электронды еңбек биржасының көмегіне жүгінген жұмыс берушілер саны 41 мыңнан асады. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта порталға кірушілер қатары көбейген. Олардың саны бір айдың өзінде 2 жарым миллионға жетіп отыр. Министрлік мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі назардан тыс қалмайтынына сендірді. Нұржан Әлтаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:  - Бірқатар кәсіпорын өздерінің ваканцияларын көрсетіп, осындай ваканцияларға мүмкіндігі шектеулі азаматтарды алуға дайынбыз дегенді  қарастырып жатыр. Осындай 7 кәсіпорын ЭЕБ-да көрсетіп қойған. ЭЕБ жұмыс істеп жатқанына 5 ай болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты үлкен нәтиже көріп жатқан жоқпыз. Жылдың аяғына дейін 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа тұрғызу жоспарда бар.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 1 010 0