Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшы: Елбасының Қытайға сапары нәтижелі болды

Сарапшы: Елбасының Қытайға сапары нәтижелі болды

Саяси сарапшылар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары нәтижелі болғанын айтады. Елбасы ең алдымен екі жақты кездесулер барысында Қытай үкіметінің жаңартылған құрамымен жақынырақ танысты. Бұл екі ел арасындағы өз ара саяси қарым-қатынастардың нақты даму жоспарын айқындап берді. Сондай-ақ бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды. Олардың ішіндегі металлургия мен ауыр шаруашылығы саласына қатысты меморандумның ел экономикасына ықпалы зор болады.  Антон Бугаенко, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы ӘЭСИ  сарапшысы: - Қазақстан қытай нарығына ет экспорттауға мүмкіндік беретін үлкен келісімге келді. Қытай нарығы әлемдегі ең үлкен нарықтардың бірі. Тек қана ауыл шаруашылығы емес.  Екі ел алдағы уақыттары металлургия саласында  да үлкен-үлкен жобаларды қолға алғалы отыр. Бұл құжаттар екі жақты сауданың өсуіне ықпал етері анық.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 829 0