Қазақ-қытай келіссөздері ел экономикасының дамуына үлес қосады
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары жемісті болды. Сенат депутаттары осылай дейді. Олардың айтуынша, 1,5 млрд халқы бар көршіміз экономикалық әлеуеті жоғары әлемдегі алғашқы үштікке кіреді. Сондықтан Қытаймен байланыста болу біз үшін тиімді. Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Биылғы Елбасының сапарында 727 млн долларға экономикалық келісім-шарттар жасалды. Бұл 727 млн доллар неге кетеді? Біріншіден, инфрақұрылым, жолға кетеді. Әсіресе, Алматы облысының жолдарына. Екіншіден, экономикалық ықпалдастық ауыл шаруашылығы өнімдеріне байланысты. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін көп жағдайда өңдемей жібереміз сыртқа. Сондықтан өңдеу мәселесінде келісім-шартқа қол қойылды. Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Кешегі ШЫҰ отырысында Елбасымыз тағы да жақсы бастама көтерді. Бұл Бейжің-Астана-Мәскеу-Еуропа теміржолын салу. Қазақстан сияқты теңізге шығатын жолдары жоқ мемлекеттер үшін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы сияқты бұл да экономиканың дамуына өзіндің үлесін қосатын бастама деп есептейміз.
24.kz
24.kz