ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЖАЛТАРУҒА БОЛМАЙДЫ
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқығын қорғау және саналы ұрпақ қалыптастыру – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті. Осы мәселелер жуырда Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы кеңейтілген мәжілісте кеңінен қозғалды.
Аталған жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков төрағалық етті. Мәжіліске аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Беркімбаев, тиісті сала басшылары, білім беру ұйымдарының мамандары мен мектеп директорлары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.
Аталған жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков төрағалық етті. Мәжіліске аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Беркімбаев, тиісті сала басшылары, білім беру ұйымдарының мамандары мен мектеп директорлары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамда талап пен тәртіпке басымдық берудің маңызын атап өткен болатын. «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстанып, келер ұрпаққа лайықты мұра қалдыру – баршамызға жүктелген ортақ міндет.
Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібіне бірқатар өзекті мәселе енгізіліп, жауапты сала өкілдерінің есептері тыңдалды. Атап айтқанда, аудан прокурорының орынбасары Ғанибек Сағатов профилактикалық шаралардың барысын саралап, полиция бөлімінің бастығы орынбасары Досым Абуов кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Насибеков білім беру ұйымдарында балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған шараларды баяндады.
Сондай-ақ №244 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Көркем Мұхамедқалилов «Саналы ата-ана, бақытты бала» тақырыбында сөз сөйлеп, отбасы тәрбиесінің маңызы мен ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін атап өтті. Жиында аудан тұрғындары да өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бала тәрбиесінде ата-ананың бақылауы мен қамқорлығы қатар жүруі қажеттігін жеткізді.
Айнұр ИБРАШЕВА








