Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАДЫ

ЖАС ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАДЫ

Өнер – жүректің үні, көңілдің көркі, ал жас таланттың жарқырауы – тынымсыз ізденіс пен маңдай тердің жемісі. Осындай өнерге деген құштарлық пен шығармашылық ізденістің жарқын көрінісі Алматы қаласында өткен ­«Алматы жұлдызы» атты республикалық өнер фестивалінде айқын аңғарылды.
«Таланттар Академиясы.KZ» Ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен өнер додасында «Арман» мәдениет үйінің ән үйірмесінің жас өнерпаздары сахна төрінде өз шеберліктерін танытып, көрермен көңілінен шыға білді. Өнер бәйгесінде бақ сынаған шәкірттер жоғары нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені қанжығаларына байлады.
Атап айтқанда, Заңғар Шаймұрат пен Ғаламат Бақытжан өнер додасында дараланып, Бас жүлдеге ие болды. Жас әншілердің өнер жолындағы жетекшісі – Дәурен Беркімбаев. Ал Эсманұр Тәңірберген де өз өнерімен биіктен көрініп, байқаудың ең жоғары марапатына қол жеткізді. Оның жетекшісі – Меруерт Дүйсебай.
Сахна – таланттың сыналар, еңбектің бағаланар, арманның ақиқатқа айналар киелі мекені. Осындай үлкен өнер алаңында топ жарып, жеңіс тұғырынан көріну – жас өнерпаздардың талпынысы мен табандылығының, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ақыл-кеңесінің жемісі. Шәкірт бойындағы қабілетті шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін ояту – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін абыройлы міндет. Өнерлеріңіз өрге жүзіп, әндеріңіз жүректерге жетсін! Өнер көгінде жарқыраған жұлдыздардың жарығы ешқашан сөнбесін!

С.МАДИЯРОВА
12 қазан 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031