Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС ӨРЕНДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАС ӨРЕНДЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Сыр өңірінде өміршең ұлттық мұраларымыз ұрпақтар сабақтастығында атадан балаға үздіксіз жалғасып келеді. Бүгінгі жас буын өкілдері де өткен күннен қалған рухани қазынаны қайта жаңғыртып, текті өнерді бойға сіңіруді өздеріне парыз санайды. Оған дәлел, жуырда Алматы қаласында өткен XXVIII Халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында Шиелі ауданының жас таланттары жоғары өнер көрсетіп, аудан абыройын асырып, мерейін үстем етуі.
Өнер ордасындағы додаға өрендер кездейсоқ барған жоқ. Өз таланттарын облыстық іріктеуде танытып, республикалық байқауға жолдама алған. Өңір атынан сынға түскен жас өнерпаздар үкілеген үмітті ақтап, жеңіс тұғырынан көрінді. Аудандық «Өнер» мектебінің шәкірті Асылжан Ордабек «Халықтық орындау» жанры бойынша орта топтан ІІІ орын, ал кіші топтан Жасұлан Сейітқасым ІІ орынды қанжығаға байлады. Сондай-ақ байқауда ерекше өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленген «Шашу» ансамблі «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІ орынды жеңіп алды. Ал халықаралық өнер сайысының «Аспапта ойнау» жанрымен Нұрислам Сүйіндік ІІ орын, Сапар Жағыппар ІІІ орынды місе тұтты. Жас дарынды өнерпаздың бұл жеңісі – олардың таланты мен тынымсыз еңбегінің, ұстазымен бірлесе жеткен табанды ізденісінің айғағы. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші бұл тұрғыда осындай өнерлі шәкірттерді дайындаған жетекшісі Нұртілек Ақтаев, Шынболат Жансейітов, Ғалымжан Ерімшеевтің еңбегі ұшан-теңіз екенін айта кету керек. Сонымен қатар бұл аудандағы Өнер мектебінің рухани сабақтастық пен ұлттық өнерге деген құрметінің жарқын көрінісі. Халықаралық байқауда жүлдемен оралып, өнер бәйгесінде топ жарған жас өрендерге шығармашылық шалқар табыс тілейміз.

«Өскен өңір» ақпарат

09 маусым 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930