АТАМ ҮШІН ҚАРА ЖЕР ҚАСИЕТТІ ҰҒЫМ ЕДІ...
«Еңбек – түп атаң, жер – анаң» деген қағиданы өміріне темірқазық еткен дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толып отыр. Қара жерді қастерлеп, алтын дәнді қайнар бұлаққа айналдырған аты аңызға айналған тұлғаның шаңырағында өскен ұрпақтың тағылымды әңгімесін тыңдаудың жөні бөлек. 135 жылдық белес үстінде абыройлы атаның өмір жолын, отбасылық құндылықтары мен ұрпаққа қалдырған аманаттарын немересі Аягөз Сейітбекқызымен бірге еске алған едік...– Аягөз Сейітбекқызы, атаңыз Ыбырай Жақаевтың есімі қазақ тарихында еңбектің символы болып қалды. Бүгінгі таңда оның 135 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде. Осы бір айтулы мерейтой жүрекке қандай тебіреніс ұялатады?
– Атамыздың 135 жылдық мерейтойының кең көлемде аталуы – біз үшін үлкен мақтаныш әрі зор жауапкершілік. Тиісінше, ел үшін ерен еңбек еткен тұлғаның өнегесін ұлықтау ғана емес, кейінгі ұрпаққа үлкен тағылым беру деп түсінемін. Мұндай айтулы дата жүрекке шексіз мақтанышпен бірге терең тебіреніс, тағзым сезімін ұялатады. Өйткені Ыбырай атамыздың бүкіл ғұмыры еңбекпен, туған жермен, қарапайым ел тіршілігімен біте қайнасып жатты.

Бақытын еңбектен тапқан, қаһармандығымен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан туған жер төсіне қайын сапты кетпенімен еңбек дастанын жазды. Ол үшін қара жер жай ғана топырақ емес, қасиетті ұғым еді. Жерге дән сепсең, оны күтіп-баптасаң, ол саған еселеп несібесін қайтарады деген сеніммен өмір сүрді. Оның маңдай термен жеткен жетістіктері бүгінгі ұрпақ үшін өлшеусіз өнеге. Сондықтан оның 135 жылдығы – өткенді еске алу ғана емес, еңбек адамының қадірін қайта сезіну, жас ұрпаққа адал еңбектің қасиетін түсіндіру мүмкіндігі деп ойлаймын.
– Ұлы тұлғалардың отбасында өскен ұрпақтың иығында өлшеусіз жауапкершілік тұратыны анық. Үй ішіндегі әрбір әнгіме, дастарқан басындағы тәрбие немесе атаның айтқан бір ауыз байсалды сөзі бүгінде сіздің өмірлік ұстанымыңызға қалай арқау болды?
– Ыбырай атам отбасында өте салмақты, сөзге сараң, дауыс көтермейтін, сабырлы адам болған деп әкеміз айтып отыратын. Мен атамнан ерте айырылдым, ол кісі дүниеден өткен кезде мен небәрі 3 жаста екенмін. Сондықтан атамның бейнесі туралы әкелеріміздің, үлкендердің естеліктері арқылы көп нәрсе білдім. Осындай парасатты қасиеттер кейін әкемізге де дарыды. Отбасымызда үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, адамға зиян тигізбеу, адалдықты сақтау секілді құндылықтарға ерекше мән берілді. Ыбырай атамыз балалары мен немерелеріне үнемі: «Біреуге зияныңды тигізбе. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет. Адал бол! Еңбектенсең, ізденсең, табандылық танытсаң – еліңнің ең сыйлы азаматы боласың» деп өсиет айтып отырған.

Ол кісі жас ұрпаққа диқаншылық, еңбек, ақыл, жер-ана, өмір мен достық туралы көптеген өнегелі қанатты сөздер қалдырды. Кейін бұл сөздер арнайы «Қанатты сөздер» кітабына жинақталып, жарық көрді. Меніңше, осы кітаптың бүгінгі жастар үшін тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені заман өзгергенімен, адамдық құндылықтар өзгермеуі керек. Еңбекқорлық, адалдық, табандылық, туған жерге деген сүйіспеншілік – қай дәуірде де адамды биікке бастайтын қасиеттер.
– Өткен ғасырдың ортасында Сырдың сары топырағынан күріштен тау тұрғызып, әлемдік рекорд жасаған Ыбырай атамыз бір дәуірдің жүгін қайыспай көтерді. Бүгінгідей жаһанданған заманда сол бір тар жол, тайғақ кешулі жылдардағы атамыздың табандылығы мен ұстанымы бізге нені ескертеді?
– Ыбырай атамыз 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, диқаншылықты кәсіп етті. Ол бойындағы ерен күшін, еңбек сүйгіштігін, жерге деген сүйіспеншілігін күріш өсіруге арнады. Күріштен мол өнім алудың алғашқы үлгілерін көрсетті. Жерді егу, оны күтіп-баптау, өнімділікті арттырудың агротехникалық тәсілдерін жетілдіруге ұзақ жылдар бойы үлес қосты. Өз тәжірибесін кейінгі жастарға үйретіп, ақылшы-ұстаз болды.

1946 жылы күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасады. Сол жылы СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ал 1971 жылы екінші рет «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталған. Атамыз төрт Ленин орденінің, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерінің кавалері болды. Қазақстан Компартиясы съездерінің делегаты, СССР Жоғары Кеңесіне бір рет, Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне төрт рет депутат болып сайланды. Бұл атақ-марапаттардың әрқайсысының артында орасан еңбек жатыр.
Ыбырай атамыздың өмір жолына қарасақ, ол өз дәуірінің ауыртпалығына қайыспай, қиын кезеңдерге қарамастан маңдай терімен жер игеріп, елдің ырысын арттырғанын көреміз. Бүгінгі жаһандану заманында атамыздың табандылығы мен ұстамдылығы бізге көп нәрсені ескертеді. Ең алдымен, қандай қиындық болса да мойымай, еңбек ету керектігін көрсетеді. Сонымен бірге туған жерді, елді және атадан қалған еңбекті қадірлеу қажеттігін ұқтырады. Еңбек ерлерінің өмірі бізге өткенді ұмытпай, олардың жақсы қасиеттерін бүгінгі заманға сай жалғастыру керектігін еске салады. Өйткені елдің болашағы – еңбекқор, төзімді, білімді әрі жауапкершілігі мол ұрпақтың қолында.
– Бүгінгі таңда «жеңіл ақша», «оңай табыс» іздейтін жастар көбейді деген пікір айтылып жатады. Сіздің ойыңызша, жастарды қайтадан қара жерге, адал еңбекке баулу үшін не жетіспейді? Дала академигінің өсиеттері бұл дертке ем бола ала ма?
– Қазіргі тәуелсіз мемлекетіміз ата-бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығының, маңдай терімен өлшеусіз еңбегінің арқасында дүниеге келді. Елдің ертеңі үшін талай қиындықты бастан өткеріп, ұрпаққа азаттық пен бейбіт өмір сыйлады. Ал бүгінгі жастар арасында еңбектенбей-ақ оңай табысқа, жеңіл ақшаға қол жеткізгісі келетіндер кездеседі. Алайда шынайы жетістікке жетудің жолы-табандылық, білімділік, еңбек және жауапкершілік. Ата-бабаларымыздың ерлігі мен еңбегін бағалау олардың аманатына адал болу деген сөз. Сондықтан әрбір жас уақытын бос өткізбей, білім алып, өз кәсібін меңгеріп, елінің дамуына үлес қосуы керек. Тәуелсіздіктің қадірін білу оны сақтау еңбек ету арқылы көрінеді. Атамыздың өсиет сөздерін айта кетсем:

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абырой кеткізер.
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
Адам өз мақсатына жету үшін еңбек етіп, әрекет ету керек.
– Дала академигінің мұрасын насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– Даңғайыр диқан, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың мұраларын келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында ауданда Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі жұмыс істейді. Бұл музей 1978-1979 жылдардан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан қасиетті орын. Музейде атамыздың еңбек жолы, көрсеткен рекордтары, алған марапаттары, сондай-ақ өңірден шыққан Социалистік Еңбек Ерлері мен еңбек майталмандарының жетістіктері кеңінен экспозицияланған.

Музей қызметкерлері атамыздың өсиеттерін дәріптеп, ғылыми мақалалар мен зерттеулер жариялап тұрады. Биыл 135 жылдық мерейтой қарсаңында музейде кең көлемді жаңарту және реэкспозиция жұмыстары жүргізілуде. «Алтын күз» мерекесі қарсаңында ашылмақ. Барша отандасымызды, әсіресе жастарды осы жаңартылған рухани ордаға келіп, тарихпен танысуға шақырамын.
– Шаңырағыңызда Ыбырай атамыздан қалған, сіз үшін ең қадірлі, көзіңіздің қарашығындай сақтап жүрген бір зат (медаль, кітап, киім немесе еңбек құралы) бар шығар. Сол жәдігер туралы айтып берсеңіз...
– 1979 жылы Ыбырай атамыздың есімі берілген Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі ашылғанда, сол уақытта шаңырақтағы барлық атамыздың орден, медаль, құжат марапаттарын, үй тұрмысындағы және ұстап тұтынған еңбек құралдары барлығын әкеміз Сейітбек мұражай қорына сыйға тапсырған болатын. Музейде тұрған атамыздың еңбегін әрбір құнды жәдігерін, келешек ұрпаққа насихаттап көзіміздің қарашығындай сақтап отырмыз деп айта аламын.

Сол құнды жәдігерлердің бірі – Ыбырай атамыздың қолынан түспеген қасиетті қара кетпені. Диагоналы 35 сантиметр болатын бұл кетпенмен қатар атамыздың соқа тістері, орағы және басқа да еңбек құралдарын ауылымыздың атақты ұстасы, атамызбен үйме-үй көрші тұрған Сейтімхан Сахиев ұста қолдан жасап берген екен. Бұл қара кетпен – жай ғана еңбек құралы емес, тұтас бір дәуірдің үнсіз куәсі. Ыбырай атамыз осы кетпенмен жаздың аптап ыстығына да, күздің қара суығына да қарамай, егіс даласында маңдай терін төкті. Жер жыртып, су ашып, күріштің әрбір дәнін баласындай мәпелеп өсірді. Әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр кезеңде елді азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етті. 1941-1945 жылдары күріштен алған мол өнімінің қаржысынан танк колоннасына 150 мың сом аударып, елге қажетті астықты пұт-пұттап жөнелтіп отырған. Жоғары өнім үшін алған сыйақыларын да ел қажетіне жұмсаған. Музей төрінде тұрған осы қара кетпенге көз салған сайын, өткен заманның ауыртпалығы мен халқымыздың сол қиындықты еңбекпен жеңгенін сезінгендей боламыз. Кетпеннің сабы мен теміріне қараған адам атамыздың алақанының жылуын, маңдай терінің табын көзбен көрмесе де, жүрекпен сезінетіндей.
Ыбырай атамыздың «Еңбектің көзін тапқан – байлықтың дәнін табады» деген сөзі осы қара кетпеннің мән-мағынасымен үндесіп жатыр. Сондықтан бұл жәдігер – біздің отбасы үшін ғана емес, халқымыздың еңбек тарихы мен ел басынан өткен кезеңдердің баға жетпес куәсі. Біз атамыздан қалған әрбір жәдігерді көзіміздің қарашығындай сақтап, оның өмір жолын, адал еңбегін, елге жасаған қызметін келешек ұрпаққа аманат етуге тырысамыз. Өйткені бұл дүниелер – бір әулеттің ғана емес, тұтас елдің тарихын бойына сіңірген қасиетті мұра.
– Даңқты диқанның көзін көрген көне көз қариялар мен бүгінгі жас буын арасындағы рухани көпір үзілмеуі тиіс. Егер Ыбырай атам бүгінгі ұрпаққа қарап тұрып бір тілек айтар болса, оның алтынға бергісіз қандай өсиеті еліміздің ертеңі үшін бағдаршам болар еді?
– Атамыздың көзін көрген көнекөз қариялармен рухани сабақтастық әлі де жалғасып келеді. Музейде Ыбырай атамызды көзі көрген, өмір жолын жақсы білетін азаматтармен тағылымды кездесулер ұйымдастырылып, олардың естеліктері мен Ыбырай атамыз туралы құнды мағлұматтар әлеуметтік желідегі парақшаларымызда тұрақты түрде жарияланып келеді. Дала академигінің ғибратты ғұмыры мен елге сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Оның өмір жолы елге қызмет етудің, еңбекті бағалаудың және адамдық қасиетті биік ұстаудың жарқын үлгісі болып табылады. «Ел болашағы – өз қолыңда, еңбегіңмен елге қызмет ет» деген тағылымды сөзі – әр ұрпақ үшін өмірлік бағдар боларлық ұлағатты өсиет. Атамыздың өнегелі жолын насихаттау – өткенді құрметтеп қана қоймай, келешек ұрпақтың рухани тәрбиесіне үлес қосу.

– Мазмұнды әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ