Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерді түлету – өркениеттіліктің өлшемі

Туған жерді түлету – өркениеттіліктің өлшемі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – ел болашағына, келешек ұрпақтың саулығына салынған үлкен инвестиция, ұлттық мәдениетіміздің жаңа белесі. Бұл жобаның түпкі мазмұнында терең философия жатыр: туған жерге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға жанашырлық және азаматтық жауапкершілік.
Осы бастама басталғалы бері №40 А.Қыраубаева атындағы мектеп ұжымы бұл қозғалыстың алдыңғы қатарынан табылып, апта сайын үзбей, жүйелі түрде өз үлесін қосып келеді. Мектеп ауласын, айналамыздағы көшелерді, қоғамдық орындарды көркейту мен тазалау ісі біздің апталық дәстүрімізге, жазылмаған заңымызға айналды. Мұғалімдердің, мектеп қызметкерлерінің әрбір сенбілікке көтеріңкі көңіл-күймен, асқан ұйымшылдықпен шығуы – ұжымдық бірліктің жарқын көрінісі.
Айта кетерлігі, бұл игі істе мектеп ұжымы жалғыз емес. Ауылдың әрбір тұрғыны, әрбір азаматы аталған акцияның терең мәнін шын жүрекпен ұғынып, туған ауылдың тазалығына бейжай қарамайтынын іспен дәлелдеп жүр. Тұрғындарымыздың өз аулаларын әдемілеп, көше бойларын ретке келтіріп, жалпыхалықтық іске белсене араласуы – жоғары экологиялық мәдениеттің, мәдениетті қоғамның нағыз үлгісі. Тұрғындардың бұл жанашырлығы біз үшін үлкен мақтаныш.
Біз өскелең жас ұрпаққа – шәкірттерімізге сөзбен ғана емес, нақты іспен, осындай өнегелі тірлікпен үлгі көрсетіп келеміз. Өйткені туған жерді сүю, табиғатты қорғау сияқты ұлы ұғымдар осындай қарапайым да игі істерден бастау алады. Оқушыларымыз да үлкендердің бұл қадамын көріп, бойларына жауапкершілік, тазалық пен ұқыптылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп өсуде.
Туған жеріміз гүлдене берсін, бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын! Акция аясындағы игі де ауқымды жұмыстарымыз толастамай, басқаларға үлгі болуды әрі қарай да жалғастыра береміз деп сенемін.

М.Жусанбаева
22 қыркүйек 2026 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930