ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы былтырдан бері өткізіліп келеді. Оған жастар белсене қатысуда. Оқушылар қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаш отырғызады. Акцияның арқасында біз оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет пен туған жеріне деген жауапкершілікті дарытамыз, – деді мектеп директоры.
Осы күні Шиелі ауданының орталығында, Ы.Жақаев атындағы саябақта тазалық акциясы өтті. Оған жастар мен еріктілер қатысып, саябақ аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді: ағаштарды әктеп, қоқысты шығарды, жасыл желектерді суарды.
– Біз үшін «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында туған ауылымызды таза ұстау игі дәстүрге айналды. Сондай-ақ біз ақсақалдарымызға көмектесіп, олардың ауласын қоқыстан тазартып, үйін жинап береміз. «Таза Қазақстан» – бұл тек көшелер мен аулалардың тазалығы ғана емес, ең алдымен жүрегіміз бен іс-әрекетіміздің тазалығы мен мейірімділігі, – деді Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Болат Сүлейменов.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 271 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесімен 11 мың тонна астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер,
1019 әлеуметтік нысандар, 3 083 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 332 су объектілері мен 29 124 көшелердің бойы тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін көшеттер егілді.