Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің таңдауымыз – Заң мен Тәртіп!

Біздің таңдауымыз – Заң мен Тәртіп!

Жастар арасында құқықтық мәдениет пен патриоттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған акция өтті. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты патриоттық тәрбие беру жөніндегі әлеуметтік жобасы аясында 2026 жылғы 29 тамызда Қызылорда қаласының Сол жағалау аумағында орналасқан «KAYSAR ARENA» футбол стадионының маңында «Заң мен Тәртіп» бағыты бойынша танымдық-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, заңға деген құрметті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті нығайту. Акция барысында белсенді жастар стадионға келген жанкүйерлерді қарсы алып, «Заң мен Тәртіп» бағытының негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Қатысушыларға ақпараттық таратпа материалдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тулары және түрлі сыйлықтар үлестірілді.
Шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген полиция, медицина, өрт сөндіру және Ұлттық ұлан қызметкерлеріне де ерекше құрмет көрсетілді. Белсенді жастар қауіпсіздік саласының мамандарына атқарып жүрген жауапты қызметтері үшін алғыс білдіріп, «Заң мен Тәртіп» жазуы бар тәтті сыйлықтар табыстады.
Іс-шараға балалардың да белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Қасқыр кейіпкеріндегі аниматор бүлдіршіндер мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естелік суретке түсті. Ал «Кішкентай жанкүйер» акциясы аясында балаларға «Заң мен Тәртіп» жазуы бар үрлемелі шарлар, Қазақстан Республикасының тулары мен тәттілер тарту етілді.
Жанкүйерлерді қарсы алу кезінде жастар «Тәртіп бар жерде – жеңіс бар!», «Заңды құрметтейік!» деген ұрандарды көтеріп, заң талаптарын сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын насихаттады.
Шараның қорытындысында «Біздің таңдауымыз – Заң мен Тәртіп!» тақырыбында қысқа бейнеролик түсіріліп, оған белсенді жастар, жанкүйерлер және аниматор қатысты. Қатысушылар естелік суретке түсіп, акцияның мазмұнын қолдайтындығын білдірді.
Мұндай бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Біздің таңдауымыз – Заң мен Тәртіп!
04 қыркүйек 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930