Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелінің бал дәмі

Шиелінің бал дәмі

Әрбір өлкенің өзіне тиесілі мақтанышы, әлдеқандай өнімі мен жетістігі болады. Сол сияқты киелі ауданның да өзіне ғана тән, қазіргі тілмен айтар болсақ, «бренді» бар. Оның бірі – бүкіл аймақты асырап отырған күріш болса, екіншісі – жаз бойы ащы терін аямай төккен диқан қауымының күз келе өнімін саудалап, бір жырғап қалатын қарбызы мен қауыны.
Әдетте жері сортаң, содан да болар бір тал шыбық тырбия өспейтіндей көрінетін Шиелі топырағының әйтеуір елден ерек бір қасиеті бар. Тыңайтқыш, улы химикаттарсыз-ақ осы топырақта өсіп-өнген көкөністің таңдайдан кетпейтін дәмін бүкіл ел біледі. Иісі мұрын жаратын сап-сары саржауынан бір тілімін кесіп ауызға салсаңыз қанттан бетер тәтті. Ал қарбызы таңдайда еріп жүре береді. Дәл қазір базарда жергілікті қарбыздар толып тұр. Бағасы 300-500 теңге, қауын түріне қарай бір данасы 500-1000 теңгеге тұрақтап тұр.
Шиеліде қарбыз өсіру – атадан балаға жалғасқан берекелі кәсіптің бірі. Таңның атысынан кештің батысына дейін егіс басында жүрген еңбек адамдарының маңдай тері дастарқанға ақ молшылық болып оралады. Базар сөрелеріне тау болып үйілген шиелілік қарбызды көргенде, оның артында қаншама еңбек пен төзім жатқанын аңғаруға болады. Бірі – егісті баптаса, бірі – өнімді жинайды, енді бірі – елге жеткізеді. Осылайша дала несібесі халық игілігіне айналады.
Қалай десек те маңдайдан сорғалаған тер қаншалықты ащы болса, өз қолдарымен еккен өнімдері соншалықты тәтті болған диқандардың адал еңбектері ақталса екен.

А.АСАНОВ
24 тамыз 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31