Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағзаны күзге қалай дайындау керек? Мамандар пайдалы тағамдарды атады

Ағзаны күзге қалай дайындау керек? Мамандар пайдалы тағамдарды атады

Ағзаны күзге қалай дайындау керек? Мамандар пайдалы тағамдарды атадыКүз мезгіліне ағзаны алдын ала дайындап, күнделікті ас мәзіріне өзгеріс енгізген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мамандар ең алдымен маусым көкөністеріне - асқабақ пен сәбізге көңіл бөлуге кеңес берді. Олардың құрамында иммунитетті нығайтуға және ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажет А дәрумені мен жасұнық мол.

Сондай-ақ, майлы балықты жиі тұтынған пайдалы. Ол D дәрумені мен омега-3 май қышқылдарына бай. Ал жұмыртқа D дәруменінің тапшылығын толықтыруға және ағзаның қуатын сақтауға көмектеседі.
"Селен қорын толықтыру үшін құс еті мен теңіз өнімдерін жеуге болады. Ал мырыш сиыр етінде, бұршақ тұқымдастарда және жаңғақта көп кездеседі", - деді мамандар.
Бұдан бөлек, құрамында дәрумендер, минералдар, жасұнық пен пробиотиктер мол функционалды тағамдарға да назар аудару ұсынылды.

17 тамыз 2026 ж. 10 0