Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иммунитетті күшейту үшін

Иммунитетті күшейту үшін



Алдағы суық мезгілдерге ағзаны бірден дайындау қажет. Деніңіздің саулығына бүгіннен алаңдамасаңыз, ертең суық тигізген соң кеш болады. Бастысы дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданыңыз. Ас қорыту жүйесін реттеңіз. Ішімдік пен темекіден, сонымен қатар тұзды, майлы, кептірілген тағамдарды азайтыңыз. Жеке гигиеналық тазалықты сақтаңыз. Ең маңыздысы, күліп жүруді ұмытпаңыз. Стресс, депрессиялық жағдайлар да иммунитетті өте әлсірететінін ғалымдар дәлелдеді. Ағзаны қажетті тағамдармен қоректендіру арқылы да иммунитетті бір қалыпта ұстауға болады.

 Сарымсақ. Тұмауға, бактерияға, вирусқа, зиянкестерге, ісікке қарсы тұратын бірден-бір әмбебап құрал. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарымсақты антибиотик ретінде де қолданған. Осы жайдан кейін ғана құрамында антибиотик қызметін атқаратын аллил күкіртті метил бар екені анықталған. Сол себепті сарымсақты тек иммунитет көтеру үшін емес, суық тию мен тұмауға қарсы да қолдануға болады.

Қызылша. Оның құрамында С дәрумені мен марганец көп. Марганец лейкоцит қызметін жақсартып, иммунитетті арттыруға көмектеседі.

Асқабақ. Иммунитетті көтеретін А дәрумені мен бета-каротиннің нағыз қайнар көзі. Асқабақ орнына сәбіз не құрма қолдануға да болады.

Алма. Оның құрамында антиоксидант пен қабынуға қарсы нәрселер бар. Сондықтан бұл ретте алманың да көмегі мол.

Көк шай. Құрамындағы антиоксиданттар рак талшықтары өсуін тоқтатады. Ал дәрумендері инфекциямен күресуге септігін тигізеді.

Тауық еті. Басқа да майсыз құс еттерін атауға болады. Олар ақуызға бай, ал ақуызсыз имунитетті көтеремін деу бос әурешілік. Ақуыз ыдырап, аминқышқылдарына айналады, соның арқасында жаңа лейкоциттер түзіледі.

Бадам (миндаль). Ол ағзаны селенмен, пайдалы маймен және Е дәруменімен байытады.

massaget.kz
01 қаңтар 2019 ж. 1 136 0