Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Стресс кезінде көмектесетін тағамдар

Стресс кезінде көмектесетін тағамдар


Стресске душар болғанда диетаны ұмытып, дұрыс тамақтану өте маңызды. Құрамында В тобындағы, сонымен қатар Е, С, А тобындағы дәрумендері бар және мырыш, кальций, магний, селен көптеп кездесетін тағамдарды тұтынуыңыз керек. Сондықтан назарларыңызға стресс кезінде пайдалы бір топ тағамдарды ұсынамыз.  1. Жасыл көкөністер Түсті қырыққабат, брокколи, салат, саумалдық, қымыздық секілді көкөністер ағзаны қалпына келтіретін дәрумендер мен антиоксиданттарға өте бай. Сонымен қатар жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс жасауын жақсартатын калий де бар.  2. Теңіз өнімдері Теңіз өнімдерінде мырыш пен йод көптеп кездеседі. Олар эндокринді жүйені жақсартады. 3. Астық тұқымдастар Бұлар адамға күш-қуат беретін В дәруменіне өте бай.  4. Сәбіз, асқабақ және тағы басқа сарғылт көкөністер мен жеміс-жидектер Сарғылт көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамында А витаминдерінің негізі мен бета-каротин бар. Олар қанайналым жүйесін жақсартып, стресстен шығарып, көңіл-күйіңізді көтереді.  5. Балдыркөк Балдыркөкте жүйке-жүйені тыныштандыратын фито-элементтер бар.  6. Теңіз қырыққабаты Теңіз қырыққабаты стресс кезінде көп көмектесетін йодқа өте бай.  7. Көк шай Көк шайдың антистресстік әсері өте жоғары. Жалпы бұл шайдың адам денсаулығына пайдалы тұстары өте көп екендігін жақсы білетін шығарсыздар. 8. Тауық еті Тауық етінде тыныштандыратын қасиеті жоғары триптофан аминқышқылы көп.  9. Қабықты ас бұршақ Бұл бұршақты тұтыну арқылы серотонин деңгейін көтеретін фолиевалық қышқылыңызды көбейте аласыз. Бұл тағамдар сізге депрессия, стресс кезінде көп көмегін тигізеді және көңіл-күйіңізді көтереді. 
Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 962 0