Іш қату кезінде диета ұстаңыз
«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» демекші, расында да біздің қазақтың ауруы асқынғанша жүріп алатыны бар. Ал, әбден асқынған аурудың емін тауып, жазылып кету де қиынға соғады. Сондықтан да қай ауруды болмасын дер кезінде емдеп, айығудың амалын жасаған дұрыс.
Дұрыс тамақтанбаудың әсерінен қазіргі кезде ішек жұмыстарының бұзылуы, яғни, іштің қатуы жиі орын алады. Сіз де бұндай жағдайды басыңыздан өткізген боларсыз. Мұндайда дұрыс тамақтануды қолға алып, емдік диеталарды ұстанған дұрыс. Егер емдәмді дұрыс жүргізетін болсаңыз, мазалаған аурудан тез-ақ айығып, оның созылмалы түріне айналуына кедергі жасайсыз. Диета кезінде қандай да бір дәрумен жетіспеушілігі анықталатын болса, дәріханалық түрін ішуге мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану кезінде ешбір алкогольді ішімдікті тамақтану рационына қоспайсыз. Олай болса ішек жұмыстарын жақсартуға арналған диета мәзірін ұсынайық!
Ірі тартылған қара бидай наны, майсыз қамырдан жасалған ет қосылған бәліштер;
Балық, ет сорпалары, көкөністер қайнатпасы, борщ;
Сиыр, бұзау, тауық, күркетауық еттерінің майсыз түрі;
Диеталық шұжық;
Көкөністер: сәбіз, қызылша, қызанақ, асқабақ, кәді, гүлді қырыққабат секілді көкөністерден қайнатпа, пісірме, салат жасауға болады;
Сонымен қатар, ақбас қырыққабатты, жасыл бұршақтан қайнатпа дайындауға болады.
Сүт қосылған қарақұмық, тары ботқалары;
Шала пісірілген жұмыртқа, омлеттер;
Сүт өнімдері: кефир, ряженка, простокваша, сүзбе, майсыз сүт, қаймақ және сыр;
Жеміс-жидектер: балғын жемістер, шырындар;
Сонымен қатар, кептірілген жемістер, тосап, бал, қантты да аз мөлшерде ас мәзіріне қосуға болады.
Аскөк: ақжелкен, аскөк, балдыркөк;
Қара шай және итмұрын қайнатпасы;
Сары майды тағамдарға қосады.
Мына тағамдардан бас тарту керек:
Жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған нан, кисель, шоколад, какао, кофе және қою демделген шай, саңырауқлақтар, сарымсақ пен пияз, шалғам.
Майлар: сиыр, қой, шошқа майларын мүлде пайдалауға болмайды. Сондай-ақ, қақталған, ысталған, ащы тағамдар да ұсынылмайды.
Тәттілер: мармелад, бал, тосап;
Ащы тұздықтар: бұрыш, қыша, ақжелкекті қолдануға тыйым салынады.
Іш өту кезінде мына диета пайдалы
Аталмыш диетаны ішектің созылмалы аурулары мен қатты іш өту кезінде ұстанған дұрыс. Сонымен қатар, ішекке ота жасалғаннан кейін төменде берілген қағида бойынша тамақтанатын болсаңыз, денсаулығыңыз қалыпқа келеді. Сол себепті де дұрыс тамақтануды үйренген дұрыс.
Күніне 200 гр кептірілген нан, ұннан жасалатын басқа нан түрлерін ас мәзіріне мүлде қосуға болмайды.
Майсыз еттен, балықтан, күріш, жармалар қосып дайындалған сорпа түрлері жарайды.
Майсыз тауық етінен жасалған котлеттер, басқа да тағамдар дайындауға болады.
Балғын балықты буда пісіріп жеген дұрыс.
Жаңа дайындалған сүзбе ғана жеуге жарамды саналады. Ал, сүт өнімдерінің басқа түрлерін ішу рұқсат етілмеген.
Буда пісірілген жұмыртқа омлеті.
Күріштен, қарақұмықтан, сұлы жармасынан дайындалған, сүт қосылмаған ботқалар.
Көк шай, қайнаған сумен дайындалған кофе, какао ішуге болады.
Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ