ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру қағидаларын орындау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әрбір азаматтың заңмен белгіленген міндеті.Осыған байланысты аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағында санитарлық тазалық талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Жақында аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі және кент әкімдігі қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне іргелес аумақтарды таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға шығару, абаттандыру және көркейту талаптарын сақтау, ғимараттардың сыртқы келбетін талапқа сай ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ кәсіпкерлерге санитарлық тазалық талаптарын тұрақты түрде сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоршаған ортаны таза ұстауға ортақ жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Заң талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді. Таза әрі көрікті аудан қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақтап, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.







